Descargar Imprimir esta página

Bosch GWS Professional 15-125 CIH Manual Original página 191

Ocultar thumbs Ver también para GWS Professional 15-125 CIH:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 34
OBJ_BUCH-165-009.book Page 192 Friday, June 3, 2016 8:47 AM
192 | Қaзақша
 Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге
мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы,
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
мүмкін.
 Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу
керек.
 Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Егеуқұм қағазымен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы туралы арнайы нұсқаулар
 Өлшемі үлкенірек егеуқұм қағазын
пайдаланбаңыз, өндірушінің егеуқұм қағазының
өлшемдеріне қатысты нұсқауларын басшылыққа
алыңыз. Тегістеу тәрелкесінің жиегінен шығып тұрған
егеуқұм қағазы сыналанудың, жарақаттардың, тегістеу
шеңберінің сынуының себебі болуы мүмкін немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы
қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым
жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып
артық жүктемеңіз. Шашылып тұрған сымдар киім
және/немесе теріге қадалуы мүмкін.
 Қорғаныш қаптамасының сымды қылшақпен
жанасуына жол бермеңіз. Тәрелке және тостаған
тәрізді щеткалардың диаметрі басу қысымының және
центрифугалық күштердің әсерінен артуы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса
немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне орнатыңыз.
Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
1 609 92A 2P4 | (3.6.16)
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы суды пайдаланбай металдан және тастан
жасалған материалдарды кесуге, сыдырып алуға және
щеткамен өңдеуге арналған.
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін кесуге
арналған арнайы қорғағыш қаптаманы пайдалану керек.
Тасты кесу үшін жеткілікті шаңды соруды қамтамасыз ету
керек.
Арнайы тегістеу құралдарымен тіркесімде электр құралды
егеуқұм қағазымен тегістеу үшін пайдалануға болады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қорғағыш қаптамаға арналған бұғаттаудан шығару
иінтірегі
2 Шпиндельді бекіту түймесі
3 Айналымдар санын таңдау реттеушісі
(GWS 15-125 CIEH/GWS 15-125 CITH)
4 Қосқыш/өшіргіш
5 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)
6 Ажарлау шпинделі
7 Тегістеуге арналған сорушы қаптама*
8 Дөңгелек қимасы бар тірек фланеці
9 Қатты қорытпа тостаған тәрізді тегістеу шеңбері*
10 Қысқыш гайка
11 Тез қысқыш гайка
12 Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
13 Тегістеу шеңбері*
14 Кесуге арналған қорғағыш қаптама*
15 Кесуге шеңбері*
16 Қолды қорғау қалқаны*
17 Резеңке тірек тегістеу тәрелкесі*
18 Егеуқұм қағазы*
19 Дөңгелек гайка*
20 Тостаған тәрізді қылшақ*
21 Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама *
22 Алмас кесу шеңбері*
23 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
*
Bosch Power Tools

Publicidad

loading