Descargar Imprimir esta página

Huawei BLT-B19 Guia De Inicio Rapido página 45

Publicidad

Қысқаша нұсқаулық
Зарядталып жатыр
Құрылғыны қосу үшін түймені басып, ұстап тұрыңыз. Болмаса, зарядтау базасындағы металл контактілерді құрылғыдағыға қосып, оларды
тегіс бетке қойыңыз. Зарядтау базасын қуат көзіне қоссаңыз, құрылғы автоматты түрде қосылады. (Құрылғыны қосқаннан кейін индикатор
қосылады).
1
2
Индикатор
1
Түйме
2
Құрылғы мен қосалқы құралдары таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғыңызды реттеу
«Huawei Health» қолданбасын пайдаланып құрылғыны телефонмен жұптастырыңыз. QR кодын сканерлеңіз немесе «Huawei Health»
қолданбасын жүктеп алу үшін AppGallery ішінен немесе Consumer.huawei.com сайтында «Huawei Health» деп іздеңіз. «Huawei Health»
қолданбасында құрылғыңызды қосып, жұптастыруды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Анықтама алу
Байланыс және функциялар туралы қосымша ақпарат әрі пайдалану туралы кеңестер алу үшін Huawei Health қолданбасында онлайн
анықтаманы қараңыз.
Авторлық құқық © Huawei 2022. Барлық құқықтары қорғалған.
БҰЛ ҚҰЖАТ ТЕК АҚПАРАТТЫҚ МАҚСАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІК ТҮРІНЕ ЖАТПАЙДЫ.
Сауда белгілері және рұқсаттар
Bluetooth
®
сөз белгісі мен логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. меншігіндегі тіркелген сауда белгілері және осы белгілер Huawei Technologies Co.,
Ltd. компаниясының лицензиясы бойынша пайдаланылады. Huawei Device Co., Ltd. — Huawei Technologies Co., Ltd. филиалы.
Басқа сауда белгілері, өнім, қызмет және компания атаулары тиісті иелерінің меншігі болып табылады.
Құпиялық саясаты
Жеке ақпаратыңызды қалай қорғайтынымызды жақсырақ түсіну үшін https://consumer.huawei.com/privacy-policy бөліміндегі құпиялық саясатын
көріңіз.
Пайдалану және қауіпсіздік
Мақұлданбаған немесе үйлесімді емес қуат адаптерін, зарядтағышты немесе батареяны пайдалану өртке, жарылысқа немесе басқа
қауіптерге себеп болуы мүмкін.
Қолайлы температура ауқымы: -20°C - +45°C.
Құрылғыны және батареяны қатты ыстық көзінен және тікелей күн сәулесінен алыс сақтаңыз. Оларды микротолқынды пештер, пештер
немесе радиаторлар сияқты жылыту құрылғыларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Оны бөлшектеуге, өзгертуге, лақтыруға немесе қысуға
болмайды. Оған бөгде заттарды салуға, оны сұйықтықтарға батыруға не оған сыртқы күш немесе қысым салуға болмайды, себебі бұл оның
ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына себеп болуы мүмкін.
Құрылғыда бекітілген, алынбайтын батарея болса, батареяны алуға әрекет етпеңіз, әйтпесе, құрылғы зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыны зарядтаған кезде қуат адаптері құрылғылардың жанындағы розеткаға қосылғанына және қол оңай жететініне көз жеткізіңіз.
Құрылғы жұмысы медициналық құрылғы жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін дәрігерге және құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз.
Бұл өнім медициналық құрылғы болуға арналмаған және аурурды анықтауға, емдеуге, жеңілдетуге немесе алдын алуға арналмаған.
Барлық деректер мен өлшемдерді тек жеке анықтама ретінде пайдалану керек.
Құрылғы IP68 (IEC 60529) талаптарына сәйкес.
Балалар осы өнімді пайдаланса немесе оған тисе, ересектің бақылауы ұсынылады.
Ауруханаларда, емханаларда немесе денсаулық сақтау мекемелерінде солай істеу сұралғанда, сымсыз құрылғыны өшіріңіз. Бұл сұраулар
сезгіш медициналық жабдықпен ықтимал кедергіні болдырмау үшін арналған.
Кейбір сымсыз құрылғылар есту құралдарының немесе кардиостимулятордың өнімділігіне әсер етуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін
қызмет жеткізушіге хабарласыңыз.
Кардиостимуляторға кедергі келтіру ықтималын болдырмау үшін кардиостимулятор өндірушілер құрылғы мен кардиостимулятор
арасында ең аз 15 см қашықтық сақталуын ұсынады.
Егер кардиостимулятор пайдаланылса, құрылғыны кардиостимулятордың қарама-қарсы жағында ұстаңыз және құрылғыны алдыңғы
қалтаңызда тасымаңыз.
Құрылғыны пайдаланған кезде жергілікті заңдар мен ережелерді сақтаңыз. Апаттар қаупін азайту үшін көлік жүргізу барысында сымсыз
құрылғыңызды пайдаланбаңыз.
Құрылғының бөліктеріне немесе ішкі схемаларын зақымдап алмау үшін оны шаң, түтін, дымқыл немесе лас орталарда немесе магниттік
өрістердің жанында пайдаланбаңыз.
43

Publicidad

loading