Descargar Imprimir esta página

Huawei BLT-B19 Guia De Inicio Rapido página 46

Publicidad

Құрылғыны жанғыш немесе жарылғыш заттар сақталған жерде (мысалы: жанармай құю бекеті, мұнай базасы немесе химиялық зауыт)
пайдаланбаңыз, сақтамаңыз немесе тасымалдамаңыз. Құрылғыны осы орталарда пайдалану жарылыс немесе өрт қаупін арттырады.
Бұл құрылғыны, батареяны және керек-жарақтарды жергілікті ережелерге сәйкес қоқысқа лақтырыңыз. Олар қалыпты тұрмыстық
қалдықпен бірге тасталмауы керек. Батареяны дұрыс пайдаланбау өртке, жарылысқа немесе басқа қауіптерге себеп болуы мүмкін.
Егер батарея ақса, электролиттің тікелей теріңізге немесе көздеріңізге тимеуін қамтамасыз етіңіз. Егер электролит теріңізге тисе немесе
көзіңізге шашыраса, дереу таза сумен жуыңыз және дәрігерге қаралыңыз.
Құрылғыны зарядтаған кезде қуат адаптері құрылғылардың жанындағы розеткаға қосылғанына және қол оңай жететініне көз жеткізіңіз.
Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, зарядтағышты электр розеткасы мен құрылғыдан ажыратыңыз.
Сымсыз құрылғылар ұшақтың ұшу жүйесіне кедергі келтіруі мүмкін. Құрылғыңызды ұшақ компаниясының ережелеріне сәйкес сымсыз
құрылғыларға рұқсат етілмеген жерде пайдаланбаңыз.
Әуежай немесе әуе желісі қызметкерлері нұсқау берсе ғана сымсыз құрылғыны өшіріңіз. Әуе желісі қызметкерінен ұшақ бортында сымсыз
құрылғыларды пайдалану туралы сұраңыз, құрылғыңыз «ұшақ режимін» ұсынса, оны ұшаққа мінбес бұрын қосу қажет.
Қуат адаптері IEC/EN 62368-1 стандартарының Q қосымшасына сәйкес екеніне және ұлттық немесе жергілікті стандарттарға сәйкес
сыналғанына және мақұлданғанына көз жеткізіңіз.
Ескерту! 3 жасқа толмаған балаларға жарамсыз. Құрамында кішкентай бөлшектер бар. Кішкентай бөлшектерді жұтып қою тұншығу қаупін
тудыруы мүмкін. Кішкентай бөлшектерді жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
ЕСКЕРТУ:
Жұтуға болатын кішкентай заттар мен батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жұтып қою күйікке, жұмсақ тіннің тесілуіне және өлімге әкелуі мүмкін. Ішке қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде ауыр күйік жағдайы орын
алуы мүмкін.
Затты немесе батареяны жұтып қойған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Жою және қайта өңдеу туралы ақпарат
Өнімдегі, батареядағы, әдебиетіндегі немесе орауыштағы сызып тасталған шелек таңбасы барлық электрондық өнімдердің және
батареялардың жарамдылық мерзімі аяқталған кезде бөлек жинау нүктелеріне апару керектігін білдіреді; оларды тұрмыстық қоқыспен бірге
қалыпты қоқыс ретінде тастамау керек. Жабдықты арнайы жинау нүктесіне немесе электр және электрондық жабдықты (WEEE) және
батареяларды жергілікті заңдарға сәйкес бөлек қайта өңдеу қызметінің көмегімен тастау пайдаланушының міндеті болып табылады.
Жабдықты дұрыс жинау және қайта өңдеу электрлік және электрондық жабдық (EEE) қалдығын құнды материалдарды сақтауға және адам
денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі, дұрыс пайдаланбау, кездейсоқ бұзылу, зақымдалуы және/немесе жарамдылық
мерзімі біткен кезде дұрыс қайта өңдемеу денсаулыққа және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. EEE қалдығын қайда және қалай тастау
туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті әкімшілікке, сатушыға немесе тұрмыстық қоқысты жою қызметіне хабарласыңыз немесе
https://consumer.huawei.com/en/ веб-сайтына өтіңіз.
Қауіпті заттарды азайту
Бұл құрылғы және оның электрлік керек-жарақтары ЕО REACH ережесі, RoHS және батареялар (қосылған жерде) директивасы сияқты
электрлік және электрондық жабдықтағы белгілі бір қауіпті заттарды пайдалану шектеуіне қолданылатын жергілікті ережелерге сәйкес.
REACH және RoHS туралы сәйкестік мәлімдемелерін алу үшін https://consumer.huawei.com/certification веб-сайтына кіріңіз.
ЕО нормативтік сәйкестігі
РЖ әсері талаптары
Құрылғыңыз қуаты аз радио таратқыш және қабылдағыш болып табылады. Халықаралық нұсқаулардың ұсыныстары бойынша құрылғы
сатылатын нарықпен орнатылған лимиттерге сәйкес болып жасалады.
Мәлімдеме
Осы құжат арқылы Huawei Device Co., Ltd. компаниясы бұл құрылғының 2014/53/EU директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті
ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді.
Сәйкестік туралы декларацияның соңғы және жарамды нұсқасын https://consumer.huawei.com/certification бетінде көруге болады.
Бұл құрылғыны ЕО-ның мүше елдерінде пайдалануға болады.
Құрылғы пайдаланылатын жердегі ұлттық және жергілікті ережелерді сақтаңыз.
Жергілікті желіге байланысты бұл құрылғыны пайдалану шектелуі мүмкін.
Жиілік диапазондары және қуат
(a) Радио жабдығы пайдаланылатын жиілік жолақтары: Кейбір жолақтар барлық елдерде немесе барлық аймақтарда қолжетімсіз болуы
мүмкін. Қосымша деректер алу үшін жергілікті операторға хабарласыңыз.
(ә) Радио жабдығы пайдаланылатын жиілік жолақтарында тасымалданған максималды радио жиілігінің қуаты: Барлық жолақтардың
максималды қуаты қатысты «Келісілген стандарт» құжатында көрсетілген ең жоғарғы шектен төмен.
Осы радио жабдығына қатысты жиілік жолақтары және тасымалдау қуатының (сәулелі және/немесе өткізілген) номинал шектері келесідей:
Bluetooth 2.4G: 6 dBm, RFID: 13.56MHz, 32.61dBμA/m at 10 m.
Керек-жарақтар және бағдарламалық құрал туралы ақпарат
Келесі керек-жарақтарды пайдалану ұсынылады:
Зарядтау базасы:POWER-CA010
Өнім бағдарламалық құралының нұсқасы — 2.1.1.47SP3
Өнім шыққаннан кейін қателерді түзету немесе функцияларды кеңейту үшін өндіруші бағдарламалық құрал жаңартуларын шығарады.
Өндірушімен шығарылған барлық бағдарламалық құрал нұсқалары тексерілген және қатысты ережелермен үйлесімді.
Барлық РЖ параметрлеріне (мысалы, жиілік ауқымы және шығыс қуаты) пайдаланушы қатынаса алмайды және пайдаланушы оларды
өзгерте алмайды.
Керек-жарақтар мен бағдарламалық құрал туралы ең соңғы ақпаратты https://consumer.huawei.com/certification веб-сайтындағы СД (Сәйкестік
туралы декларация) ішінен қараңыз.
Еліңіздегі немесе өңіріңіздегі соңғы жаңартылған шұғыл желі және электрондық пошта мекенжайы үшін
https://consumer.huawei.com/kz/support бетіне кіріңіз.
44

Publicidad

loading