Descargar Imprimir esta página

Bosch 0 601 9H6 E01 Manual Original página 239

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 42
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы (10)
электр құралының
патронына қорғағыш
қаптамасының кодтау
жұдырықшалары патронға
сәйкес келгенше салыңыз.
Бұғаттаудан шығару
иінтірегін (1) басып
ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы
қорғашғы қаптаманы (10)
басып, қаптамадағы
буртикті электр құралдың
фланеціне отырғызыңыз
және қорғағыш қаптаманы
шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (10) күйін жұмыс барысының
талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын
шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш
қаптаманы (10) қажет күйге бұрыңыз.
Қорғаныш қаптаманы (10) әрдайым, құлыптан
u
босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы
қорғаныш қаптаманың (10) тиісті ойықтарына
кіретіндей, реттеңіз.
Қорғағыш қаптаманы (10)оператордың жағына
u
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Қорғағыш қаптама(10) бұғаттаудан шығару
u
иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек!
Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес
және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
(10) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Кесу үшін әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш
u
қаптаманы (10) кесуге арналған қаптамамен (11)
бірге пайдаланыңыз.
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Кесуге арналған қаптама
Кесуге арналған қаптаманы (11) ажарлауға арналған
қорғаныш қаптамаға (10) монтаждаңыз (A суретін
қараңыз): иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы
(11) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (10)
кигізіңіз (➋). Иінтіректі қорғаныш қаптамаға (10)
қайтадан мықтап басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) иінтіректі кері
қайырыңыз (➊). Қаптаманы (11) қорғаныш қаптамадан
(10) тартып алыңыз (➋).
Қол қорғағышы
Резеңкелі ажарлау тәрелкесімен (18) немесе
u
тостаған тәрізді қылшақпен/конустық қылшақпен
жұмыстар өткізу үшін әрдайым қол
қорғанысын (17) монтаждаңыз.
Bosch Power Tools
Қол қорғанысын (17) қосымша тұтқа (7) көмегімен
бекітіңіз.
Діріл басқыш қосымша тұтқа
Нұсқау: GWS 18V-180 PC бұрыштық ажарлау
машинасының жеткізілім жиынтығына діріл басқыш
қосымша тұтқа (7) кіреді, ол редуктор корпусынан
ұзартылған аралықты қамтамасыз етеді. Эргономия мен
жұмыс қауіпсіздігінің тұрғысынан әрдайым осы
пайдалану бойынша нұсқаулықта сипатталған, дірілді
басқыш қосымша тұтқаны (7) пайдаланыңыз.
Діріл басқыш қосымша тұтқа (7) төмен дірілді, яғни,
қолайлы және қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етеді.
Қосымша тұтқаны (7) жұмыс әдісіне байланысты
редуктор бастиегінің оң жағында немесе сол жағында
бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқасы (7) бар электр құралын ғана
u
пайдаланыңыз.
Электр құралын, қосымша тұтқа (7) зақымдалған
u
жағдайда әрі қарай пайдаланбаңыз. Қосымша
тұтқаға (7) ешқандай өзгеріс енгізбеңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (16) және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін
шпиндельді бекіту түймесін (3) басып, шпиндельді
бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
u
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау
диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты
кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр
құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын
қадағалаңыз (корпустағы айналу бағытының көрсеткісін
қараңыз).
Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Нұсқау: композиттік ажарлағыш немесе кескіш
дискілерді жеткізілім жиынтығындағы тірек фланецінің
Қазақ | 239
1 609 92A 7AT | (15.06.2022)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gws 18v-180 pc professional3 601 jh6 e