Ескертулер
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол
жететін бөліктері жұмыс кезінде қызуы
мүмкін.
Қыздыру элементтеріне тимеуге назар
аударыңыз.
8-ге толмаған балаларға үздіксіз
бақылау болмаса, құрылғыдан аулақ
ұстау керек. Бұл құрылғыны қауіпсіз
түрде қолдану бойынша кеңес не
нұсқау берілген және ықтимал қауіп-
қатерлерді түсінетін жағдайда, оны 8-ге
толған балалар мен дене, сезіну немесе
ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдар қолдана
алады. Балаларға құрылғымен ойнауға
болмайды. Балаларға бақылаусыз
құрылғыны тазалауға және оған қызмет
көрсетуге болмайды.
Пеш есігінің шынысын тазалау үшін қатты
ысқыш тазалағыштарды немесе өткір
метал ысқыщтарды пайдаланбаңыз,
себебі олар шыныны сызып, оның
шағылуына әкелуі мүмкін.
Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты
немесе шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тоқ соғу мүмкіндігінің алдын
алу үшін шамды ауыстырмас бұрын
құрылғы өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
! Тартпаны ішке салған кезде шектегіш
жоғары қарап, қуыстың артқы жағында
тұрғанына көз жеткізіңіз.
7