есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышты жалғау (B суретін қараңыз)
Шаңсорғышқа арналған адаптерді (17) фрезердің
батырмалы тірегіне (2) енгізіңіз. Адаптердің (17)
бұрандаға (18) қарама-қарсы бөлігін фрезердің
батырмалы тіреігіне (2) кіргізіңіз. Адаптерді
бұрандамен (18) бекітіңіз.
Сорғыш шлангіні (26) (Ø 35 мм) (керек-жарақ)
монтаждалған сору адаптеріне (25) енгізіңіз. Сорғыш
шлангіні (26) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Фрезерлеу тереңдігін реттеу
(C суретін қараңыз)
Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы
u
өшірулі кезде орындау керек.
Фрезерлеу тереңдігін сатысыз тереңдік шектегіші
мен шкала арқылы шамамен реттеу
– Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін
дайындамаға қойыңыз.
– Дәлдеп реттеу шкаласын (10) "0" күйіне бұраңыз.
– Револьвер тірегін (8) ең төменгі деңгейге орнатыңыз;
револьвер тірегі шерту дыбысымен тіреледі.
– Тереңдік шектегішіне арналған сапты бұранданы (5),
тереңдік шектегіші (3) бос жылжитындай етіп
босатыңыз.
– Фрезаны (1) тұтқаны (14) басу арқылы, фреза
дайындама бетіне тигенше, баяу төмен қарай
бағыттаңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптау
иінтірегін (12) басыңыз.
– Тереңдік шектегішін (3) револьвер тірегінде (8)
тұрғанша төмен қарай басыңыз. Көрсеткіш белгісі бар
жапқышты (4) фрезерлеу тереңдігінің
шкаласындағы (11) "0" күйіне орнатыңыз.
– Тереңдік шектегішін (3) қажетті фрезерлеу тереңдігіне
орнатып, тереңдік шектегішіне арналған сапты
бұранданы (5) бұрап бекітіңіз. Көрсеткіш белгісі бар
жапқыштың (4) енді жылжымайтындығына көз
жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
– Батыру функциясына арналған құлыптау
иінтірегін (12) босатып, фрезаны ең жоғары күйге
бағыттаңыз.
Орнатылған фрезерлеу тереңдігіне, батыру барысында
тереңдік шектегіші (3) револьвер тірегіне (8) тірелгенде
ғана қол жеткізесіз.
Тереңірек фрезерлеу үшін әрқайсысының фрезерлеу
тереңдігін төменірек орнатып, бірнеше рет орындап өту
керек. Револьвер тірегінің (8) көмегімен фрезерлеу
процесін бірнеше деңгейге бөлуге болады.
Револьвер тірегінің деңгейлері арқылы фрезерлеу
тереңдігін шамамен реттеу
– Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін
дайындамаға қойыңыз.
– Дәлдеп реттеу шкаласын (10) "0" күйіне бұраңыз.
– Револьвер тірегін (8) өзіңізге қажетті деңгейге
орнатыңыз; револьвер тірегі шерту дыбысымен
тіреледі.
– Тереңдік шектегішіне арналған сапты бұранданы (5),
тереңдік шектегіші (3) бос жылжитындай етіп
босатыңыз.
– Фрезаны (1) тұтқаны (14) басу арқылы, фреза
дайындама бетіне тигенше, баяу төмен қарай
бағыттаңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптау
иінтірегін (12) басыңыз.
– Сапты бұранданы (5) бұрап бекітіңіз.
– Револьвер тірегін (8) бұрау арқылы енді тереңдікті
анық белгіленген деңгейлер арқылы реттеп шығуға
болады.
Мысал:
Қажетті фрезерлеу тереңдігі: 8 мм
"10" деңгейінен "5" деңгейіне дейін бірінші фрезерлеу
жүрісі → 5 мм
"5" деңгейінен "2" деңгейіне дейін екінші фрезерлеу
жүрісі → 3 мм
Нұсқау: дәл фрезерлеу нәтижелеріне қол жеткізу үшін,
біз әр фрезерлеу жүрісіндегі 5 мм шамасындағы
максималды фрезерлеу тереңдігінен асырмауға кеңес
береміз.
Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу
Сынақ жүрістен кейін фрезерлеу тереңдігін төлкені (9)
бұрау арқылы қажетті өлшемге дәлдеп реттеуге болады;
фрезерлеу тереңдігін арттыру үшін сағат тілінің
бағытымен, ал фрезерлеу тереңдігін азайту үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Шкала (10) бағдарлау
үшін пайдаланылады. Бір айналым шамамен 0,8 мм
реттеу жүрісіне сәйкес келеді, максималды реттеу жүрісі
шамамен 4 мм құрайды (яғни 5 айналым 4 мм-ге сәйкес
келеді).
Егер фрезердің батырмалы тірегі (2) максималды батыру
тереңдігіне дейін түсірілген болса, максималды реттеу
жүрісі пайдаланылғандықтан, тіпті дәлдеп реттеу арқылы
да үлкенірек батыру тереңдігіне қол жеткізу мүмкін емес.
Сондай-ақ тереңдік шектегіші (3) револьвер тірегіне (8)
тірелгенде де дәлдеп реттеу мүмкін болмайды.
Қазақ | 65
1 609 92A 8WV | (14.06.2023)