66 | Қазақ
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Фрезерлеу бағыты мен фрезерлеу процесі
(D суретін қараңыз)
Фрезерлеу процесін үнемі фрезаның айналу
u
бағытына қарсы орындау керек (кері қозғалыс).
Қозғалыс бағытымен (синхронды қозғалыс)
фрезерлеу кезінде электр құралын қолмен жүргізуге
болады.
Фрезердің батырмалы тірегімен (2) фрезерлеу келесідей
орындалады:
– Қажетті фрезерлеу тереңдігін реттеп шығыңыз,
(қараңыз „Фрезерлеу тереңдігін реттеу
(C суретін қараңыз) ", Бет 65).
– Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін
дайындамаға қойып, электр құралын қосыңыз.
– Фрезаны (1), реттелген фрезерлеу тереңдігіне
жеткенше, баяу төмен қарай бағыттаңыз. Батыру
тереңдігін бекіту үшін құлыптау иінтірегін (12)
басыңыз.
– Фрезерлеу процесін біркелкі алға жылжыту арқылы
орындаңыз.
– Фрезерлеу процесі аяқталғанда, фрезерді ең жоғарғы
күйіне қайта орнатыңыз.
– Электр құралын өшіріңіз.
Қысқыш иінтіректі реттеу (E суретін қараңыз)
Фреза (1) батырмалы тіректе берік бекітіліп тұрмаса,
қысқыш иінтіректің (13) қысу күшін реттеу керек.
– Қысқыш иінтіректі ашыңыз.
– Гайканы айыр тәрізді кілтпен (8 мм) шамамен 45°-қа
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
– Қысқыш иінтіректі қайта жабыңыз.
– Фрезаның берік керілгенін тексеріп шығыңыз.
Гайканы тым қатты бұрап бекітпеңіз.
Параллель тіректі бекіту (F суретін қараңыз)
Бағыттаушы ұстағышты (16) фрезердің батырмалы
тірегіндегі (2) бүйірлік бағыттауыштарға өткізіп, оны екі
құлақты бұрандамен (15) бекітіңіз.
Параллель тіректі (19) құлақты бұранданың (23)
көмегімен бағыттаушы ұстағышқа (16) бекітіңіз.
2 609 255 732 бағыттауыш шинасын бекіту
(G суретін қараңыз)
Бағыттаушы ұстағышты (16) фрезердің батырмалы
тірегіндегі (2) бүйірлік бағыттауыштарға өткізіп, оны екі
құлақты бұрандамен (15) бекітіңіз.
Бағыттаушы ұстағышты (16) бағыттауыш шинаға (20)
орнатыңыз.
1 600 Z00 005 бағыттауыш шинасын бекіту
(H суретін қараңыз)
Бағыттауыш шинаға арналған адаптерді (24) бағыттаушы
ұстағышқа (16) енгізіп, оны құлақты
бұрандамен (23)бекітіңіз.
1 609 92A 8WV | (14.06.2023)
Мнотаждалған бағыттаушы ұстағышты (16) фрезердің
батырмалы тірегіндегі (2) бүйірлік бағыттауыштарға
өткізіп, оны екі құлақты бұрандамен (15) бекітіңіз.
Мнотаждалған бағыттаушы ұстағышты (16) бағыттауыш
шинаға (21) орнатыңыз.
Ортаға дәлдеу білігін бекіту (I суретін қараңыз)
Ортаға дәлдеу білігі (27) шеңбер тәрізді жерлерді
фрезерлеуге мүмкіндік береді.
Бағыттаушы ұстағышты (16) фрезердің батырмалы
тірегіндегі (2) бүйірлік бағыттауыштарға өткізіп, оны екі
құлақты бұрандамен (15) бекітіңіз.
Жылжымалы табансыз параллель тіректі (19) құлақты
бұранданың (23) көмегімен бағыттаушы ұстағышқа (16)
бекітіңіз.
Ортаға дәлдеу білігін (27) параллель тірек (19) арқылы
енгізіңіз. Қажетті радиусты (ортаға дәлдеу білігінің ұшы
мен фреза арасында) орнатыңыз. Ортаға дәлдеу
білігін (27)тиісті құлақты бұрандамен бекітіңіз.
Ортаға дәлдеу білігін (27) алдын ала бұрғыланған
саңылауға (Ø 4 мм) енгізіңіз. Фрезерлеу процесін
бастаңыз.
Көшіру төлкесін бекіту (J суретін қараңыз)
Көшіру төлкесінің (28) көмегімен контурларды үлгілер
мен шаблондардан дайындамаға түсіруге болады.
Көшіру төлкесін шаблон немесе үлгі қалыңдығына сәйкес
таңдаңыз. Көшіру төлкесінің шығып тұратын биіктігінен
шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы керек.
Көшіру төлкесін (28) дұрыс күйінде сырғу тақтасына (7)
салыңыз.
Көшіру төлкесінің қысқыш құрылғысын (29)
шаңсорғышқа арналған адаптерге (17) салыңыз. Қысқыш
құрылғы шерту дыбысымен тіреледі.
Адаптерді (17) монтаждалған қысқыш құрылғымен (29)
фрезердің батырмалы тірегіне (2) салыңыз.
Адаптерді (17) бұрандамен (18)бекітіңіз (қараңыз
„Шаңсорғышты жалғау (B суретін қараңыз)", Бет 65).
Техникалық күтім және қызмет
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Bosch Power Tools