Қауіпсіздігіңіз үшін
ЕСКЕРТУ!
Ескертулер мен барлық нұсқауларды
оқып шығыңыз.
• Жалпы қауіпсіздік нұсқауларын асықпай,
мұқият оқып шығыңыз. Жалпы қауіпсіздік
нұсқаулары жеке кітапшада берілген. Осы
кітапша қоса қамтылған.
• Егер өнімді орнату және қолдану осы
нұсқаулыққа сай орындалмаса, радио және
теледидар сигналдарына немесе маңайдағы
басқа құрылғылардың сигнал жиілігіне кері
әсерін тигізуі мүмкін. Нұсқаулар орындалмаса,
бұл өнімді қолдануға болмайды.
• Ламинаттау кезінде ауаны тазартып отыру
қажет (мысалы, терезені ашу қажет).
• Құрылғының үстіне ешнәрсе қоюға және
желдету саңылауларына ешнәрсе енгізуге
болмайды.
• Тазалағанда, жылжытқанда немесе сақтауға
қойғанда, құрылғыны қуат көзінен ажыратып,
суытыңыз. Ламинаторды көтергенде, екі
жағындағы ұстағышынан мықтап ұстаңыз.
Ең үздік ламинаттауды қамтамасыз ету және
ламинатордың зақымдалуына жол бермеу үшін,
келесі сақтық шараларын орындаңыз:
• Ламинаттау қалталары бір- біріне
байланыстырылған екі бөліктен тұрады.
Ламинаттауды ламинаттау қалтасының бір
жағымен ғана орындауға болмайды.
• Ламинаттау қалталарын құрылғыға әрқашан
бүгілген жағымен енгізіңіз. Алдындағы
ламинатталған құжатты алмай, ламинаттау
қалтасын енгізуге болмайды.
• Қалтаны әрқашан ламинатордың енгізу
аймағының ортасына енгізіңіз.
• Бос қалталарды ешқашан ламинаттамаңыз.
Ламинаттау кезінде қалтаға әрқашан құжат
салып қойыңыз.
• Ламинаттау алдында қалтаны кесуге болмайды.
Қалтаны ламинаттаудан кейін ғана кесіңіз.
• Жылуға сезімтал, ылғалды, тегіс емес немесе
мыжылған материалдарды ламинаттауға
болмайды.
• Осы нұсқаулықта көрсетілгеннен қалың
материалдарды ламинаттауға болмайды.
• Металлдан жасалған заттарды ламинаттауға
болмайды.
• Ламинаттау – кері айналмайтын процесс болып
табылады. Бірегей заттарды ламинаттау
кезінде осыны есіңізде сақтаңыз.
• Қалыпты ламинаттау барысында қалтаны
тартуға немесе итеруге және ламинаторды
өшіруге болмайды.
Пайдаланушы нұсқаулығы
Қолдану
Құжатты ламинаттау әдісі 3
1. Ламинаторды A жазық бетке (мысалы,
үстелдің үстіне), розеткаға жақын
жерге орналастырыңыз. Ламинатордың
артында жеткілікті бос орын қалдырып,
ламинатталатын құжаттың бөгеліп қалмауын
және оңай алынуын қамтамасыз етіңіз.
2. Қуат сымын B қуат ашасына және ламинаторға
A жалғаңыз.
3. Кіріс D және шығыс E науаларын сыртқа
қайырыңыз.
4. Ламинаторды іске қосу үшін, артқы қосқышты
F "I" күйіне орнатыңыз. Қосу/өшіру түймесі H
жасыл түспен жанады және дыбыстық сигнал
естіледі.
5. Қосу/өшіру түймесін H басыңыз. Қосу/өшіру
түймесі H көк түспен жыпылықтай бастайды.
Ламинатор қызады. Қосу/өшіру түймесі
H тұрақты көк түспен жанып, дыбыстық
сигнал берілсе, ол жұмыс температурасына
жеткендігін білдіреді.
6. Құжатты ламинаттау қалтасына салыңыз.
Оны қалтаның бүгілген жағымен мүмкін
болғанша жақын туралап, сол жақ және оң
жақ шеттердің бірдей болуын қамтамасыз
етіңіз. Тым үлкен қалталарды ламинаттау
аяқталғаннан кейін кесіп, өлшемін азайтуға
болады.
Ескерту! Ламинаттау – қайтарылмайтын әрекет.
Бірегей заттарды ламинаттау алдында, процесті
ұқсас затпен сынап көріңіз. Кішкентай заттарды
әрқашан кіріс науасының ортасына салыңыз,
сонда қалыңдық датчигі оларды көреді.
7. Қалтаны бүгілген жағымен кіріс науасына
D тартылғанша енгізіңіз. Ламинатталған
құжат шығыс науасынан E автоматты түрде
шығарылады.
8. Ламинатталған құжатты алып, жазық бетте бір
минуттай суытып қойыңыз.
9. Ламинаттайтын басқа құжаттар болмаса,
ламинаторды өшіріп тастаңыз.
KK
91