Descargar Imprimir esta página

Bosch 0 601 623 000 Manual Original página 140

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 26
140 | Қазақ
құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес
келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (B суретін қараңыз)
Сору адаптерін (23) жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (14) тірелгенше енгізіңіз.
Сору адаптерін (23) диаметрі 35 мм сору шглангісіне
жалғауға болады.
Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
u
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы
мүмкін.
Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
u
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін
(23) жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангты шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақтар). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
1 609 92A 83C | (08.07.2022)
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қысқыш тұтқышты (24) босату. Шағын аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан (12) ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға (12) басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Цангалық қысқышты (24) берік бекемдеңіз.
Цангалық қысқышты (24) жібергеннен кейін аралау
тереңдігін толығымен орнату мүмкін болмаса, онда
цангалық қысқышты (24) арадан тартыңыз және төмен
қарай бұрыңыз. Цангалық қысқышты (24) жіберіңіз. Осы
әрекетті қажет аралау тереңдігін орнатқанша қайталаңыз.
Цангалық қысқышты (24) бекемдегеннен кейін аралау
тереңдігін жеткілікті бекіте алмасаңыз, цангалық
қысқышты (24) арадан ары тартыңыз және жоғары қарай
бұрыңыз. Цангалық қысқышты (24) жіберіңіз. Бұл
әрекетті қажет кесу тереңдігін орнатқанша қайталаңыз
Бағыт бұрышын реттеу
Қатпарлы бұрандамаларды (6) және (26) босатыңыз.
Араны бұраңыз. Қажетті өлшемді (5) шкаласында
орнатыңыз. (6) мен (26) қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (25) көрсетілген саннан кем.
Аралау бұрышының белгілері
45
0
0° кесу белгісі (9) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (8) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
45
0
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gks 190 professional