Descargar Imprimir esta página

Hilti NURON VC 2D-22 Manual Del Usuario página 204

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 39
3. Сорғышты бөгде тұлғалар қолдану мүмкіндігін болдырмай, құрғақ бөлмеге қойыңыз.
▶ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ Аталмыш сорғышты жабық үй-жайларда ғана сақтауға болады.
7
Күту және техникалық қызмет көрсету
7.1
Сорғышқа күтім көрсету бойынша нұсқаулар
ЕСКЕРТУ
Ток соғудан қауіп бар! Электрлік бөлшектерді қате жолмен жөндеу ток соғудан ауыр жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
▶ Электрлік бөлшектерді жөндеу жұмысын тек электрші маман орындауы тиіс.
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
Сорғышты, әсіресе тұтқыштың беттерін таза және құрғақ күйде, май мен жағармайдың іздерінсіз
сақтаңыз. Құрамында силикон бар тазалау заттарын қолданбаңыз.
Сорғышты бітелген желдету саңылауларымен қолдануға болмайды! Желдету саңылауын жайлап
құрғақ щеткамен тазалаңыз. Турбина саңылауының Ішкі бөлігіне бөгде заттардың кіруін болдырма-
ңыз.
Контейнердің жоғарғы жиегін және оның ойығын тазалау қажеттігіне ерекше назар аударыңыз,
себебі бұл кір контейнері мен сорғыш бастиегі арасындағы тығыздауыш үшін маңызды болып
табылады.
7.2
Сүзгіні тазалау
Сүзгіш элемент тез тозатын бөлшек болып табылады.
Сүзгіш элементті қатты беттерге қағу арқылы тазаламаңыз. Сүзгі материалына зақым келтіре
алатын сығылған ауамен тазалағышты немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз. Нәтижесінде сүзгіш
элементтің қызмет ету мерзімі ұзарады.
▶ Сүзгіш элементті кем дегенде алты ай сайын алмастырыңыз.
▶ Сүзгіш элементті қолдану жиілігі жоғарырақ болғанда, оны жиірек алмастырыңыз.
7.3
Басты сүзгіні ауыстыру
1. Өнімді өшіріңіз.
2. Екі ілмекті де ашыңыз.
3. Сорғыш бастиегін кір контейнерінен көтеріп алыңыз.
4. Сұқпатиекті ашыңыз.
5. Басты сүзгіш элементті сүзгі жақтауымен бірге алып тастаңыз.
6. Тығыздауыш пен сүзгі жақтауының кіріс саңылауын шаңнан тазартыңыз.
7. Сүзгі жақтауын жаңа басты сүзгіге орнатыңыз.
8. Сүзгі жақтауын сүзгі жақтауына арналған ұстағышқа орнатыңыз.
9. Сүзгі жақтауын сүзгі бекіткіштерімен құлыптаңыз.
10. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.
7.4
Сүзгіш төсемені ауыстыру
1. Ауа тазартқыш сүзгіні босату түймесін басып, сүзгі тірегін шығарып алыңыз.
2. Сүзгіш төсемені сүзгі тірегінен алып тастаңыз.
3. Жаңа сүзгіш төсемені сүзгі тірегіне бекітіңіз.
4. Сүзгі тірегін аспапқа бекітіңіз.
8
Тасымалдау
Сорғышты кранға ілуге тыйым салынады.
▶ Керек-жарақтар мен алмалы-салмалы бөлшектерді арнайы ұстағыштарда сақтаңыз.
200
Қазақ
3
4
2415707
*2415707*

Publicidad

loading