Descargar Imprimir esta página

FIRST AUSTRIA FA-5028-2 Manual De Instrucciones página 29

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 6
РАДИО КЕДЕРГІЛЕРІ
1. Қысқа толқынды пештің жұмысы радиоға,
теледидарға немесе соған ұқсас жабдықтарға
кедергі келтіруі мүмкін.
2. Егер кедергі пайда болса, оларды келесі
шараларды қолдану арқылы азайтуға немесе
жоюға болады:
a) пештің есігі мен герметикалық бетін тазалаңыз.
b) Радио немесе теледидардың қабылдау
антеннасын басқаша бағыттаңыз.
c) Қысқа толқынды пешті қабылдағышқа қатысты
орнын ауыстырыңыз.
d) Қысқа толқынды пешті қабылдағыштан
алыстатыңыз.
e) Қысқа толқынды пеш пен қабылдағыш әр түрлі
тізбектерде болуы үшін қысқа толқынды пешті
басқа розеткаға қосыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ
МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
Электр құрылғыларын пайдаланғанда негізгі сақтық
шараларын сақтау керек, соның ішінде:
ЕСКЕРТУ: Күйіп қалу, электр тогы соғу, өрт шығу,
адамдардың жарақаттануы немесе шамадан тыс
қысқа толқын энергиясының әсер ету қаупін азайту
үшін:
1. Құрылғыны қолданар алдында барлық
нұсқауларды оқып шығыңыз.
2. Бұл құрылғыны осы нұсқаулықта сипатталған
мақсатқа ғана пайдаланыңыз. Бұл құрылғыда
коррозиялық химиялық заттарды немесе буларды
пайдаланбаңыз. Пештің бұл түрі тағамды жылыту,
пісіру немесе кептіру үшін арнайы жасалған. Ол
өнеркәсіптік немесе зертханалық қолданысқа
арналмаған.
3. Пешті бос күйінде қоспаңыз.
4. Егер сым немесе штепсель дұрыс жұмыс істемесе
немесе зақымдалған не құлаған болса, бұл
құрылғыны пайдаланбаңыз.
5. ешті балалар қолданғанда кез келген құрылғыны
қадағалағандай мұқият бақылау қажет.
6. Пеш ішінің тұтану қаупін азайту үшін:
a) тамақтарды пластик немесе қағаз
контейнерлерде қыздырғанда пешті
тұтанбағанын тексеріңіз.
B) Қағаз немесе пластик пакеттерді пешке салмас
бұрын сым бұрауларын шешіп алыңыз.
c) Егер түтін байқалса, құрылғыны өшіріңіз не
розеткадан суырыңыз және жалын өшіп қалу
үшін есігін жабық ұстаңыз.
d) Пеш ішінде ештеңе сақтамаңыз.
Қағаз өнімдерін, асүй ыдыстарын немесе тамақ
өнімдерін пайдаланбаған кезде пеш ішінде
қалдырмаңыз.
7. ЕСКЕРТУ: Сұйық немесе басқадай тамақ өнімдерін
ауа өткізбейтін контейнерлерде қыздыруға
болмайды, себебі олар жарылып кетуі мүмкін.
а. Бұрандалы қақпақпен немесе емізікпен
жабылған нәресте бөтелкелері герметикалық
контейнерлер болып саналады.
ә. Сұйықтықты дайындағанда аузы кең контейнер
қолданыңыз, дайын болған сұйықтықты
бірден алмаңыз. Алмас бұрын бірнеше минут
күтіңіз. Бұл – сұйықтықтардың баяу эруптивті
қайнауынан туындауы мүмкін қауіптердің
алдын алу үшін қажет.
8. Сусын банкаларын қысқа толқындармен жылыту
баяу жарылғыш қайнауға әкеледі, сондықтан
контейнерді ұстағанда абай болу керек.
9. Пеште тамақ қуырмаңыз. Ыстық май пештің
бөліктері мен ыдыс-аяқтарды зақымдап, тіпті
теріні күйдіруі мүмкін.
10. Бүтін жұмыртқаларды пеште қыздыруға
болмайды, әйтпесе олар жарылып кетуі мүмкін.
11. Картоп, тұтас асқабақ, алма және каштан сияқты
қабығы қалың бар тағамдарды пісірер алдында
тесіп қойыңыз.
12. Нәрестелердің бөтелкелері мен банкаларының
ішіндегісін араластыру немесе шайқау керек, ал
тамақтандырар алдында бала күйіп қалмас үшін
температураны тексеру керек.
13. Асүй ыдыстары жылытылған тағамнан әсерінен
қызуы мүмкін. Ыдыс-аяқты ұстау үшін қолғаптар
қажет болуы мүмкін.
14. Ыдыс-аяқты қысқа толқынды пеште қолдану үшін
қауіпсіздігін тексеру керек.
15. ЕСКЕРТУ: Техникалық қызмет көрсету немесе
жөндеу жұмыстарын жүргізу біліктілігі бар
адамнан басқа кез келген адам үшін қауіпті, ол
қысқа толқынды энергия әсерінен қорғайтын
жабынды шешуді қамтиды.
16. Бұл құрылғы тұрмыстық және соған ұқсас
қолданыс жағдайларында пайдаланылады:
• дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орталарының асүй бөлімдерінде;
• шаруа үйлерінде;
• отельдер, мотельдер және басқа да тұрғын үй-
жайлардың клиенттері;
• төсек және таңғы ас берілетін жерлерде
пайдаланылады.
17. Бұл құрылғыны дене, сезу немесе ақыл-ой
мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі
мен білімі аз адамдар (соның ішінде балалар)
олардың қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғы
қолданысын қадағалап немесе нұсқау беріп
тұрмаса пайдалана алмайды.
18. ЕСКЕРТУ: Пайдалану барысында қолжетімді
бөлшектері қызып кетуі мүмкін. Кішкентай
балаларды аулақ ұстау керек.
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ
ПІСІРУ ПРИНЦИПТЕРІ
1. Тамақты мұқият жаймалаңыз. Қалыңырақ
бөліктерді ыдыстың шеткі жағына қойыңыз.
2. Пісіру уақытын қадағалаңыз. Белгіленген
қысқа уақыт ішінде пісіріңіз және қажет болған
жағдайда қосымша уақыт қосыңыз. Тым пісіп
кеткен тамақтан түтін шығып немесе тұтануы
мүмкін.
3. Пісіру барысынла тағам бетін жауып қойыңыз.
Қақпақ тамақты шашыратпайды және біркелкі
етіп дайындауға көмектеседі.
4. Тауық еті мен гамбургер сияқты тағамдарды
дайындауды тездету үшін қысқа толқынды пеште
пісіргенде тағамды бір рет аударып қойыңыз.
Қақталған ет сияқты үлкен тағамдарды кемінде
бір рет аудару керек.
56
5. Пісіру барысында ет сияқты тағамдарды
жоғарыдан төменг де, ыдыстың ортасынан шетіне
қарай да орындарын ауыстырып реттеңіз.
6. Ыдыстың немесе микротолқынды пешке
арналған қақпақтың ең шетін ақырын ашып,
попкорн мен пешке пісіруге арналған добраны
бетіңізден алшақ ұстап, абайлап ашыңыз.
ЫДЫС-АЯҚҚА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛЫҚ
1. Қысқа толқынды пешке арналған тамаша
материал — қысқа толқындарды өткізетін
ыдыстар, олар энергияның контейнерден өтіп,
тағамды жылытуына мүмкіндік береді.
2. Қысқа толқындар металға ене алмайды,
сондықтан металл ыдыстарды немесе ернеуі
металл ыдыстарды қолдануға болмайды.
3. Қайта өңделген қағаз өнімдерін қысқа толқынды
пеште пайдаланбаңыз, өйткені олардың
құрамында ұшқын және/немесе өрт шығаруы
мүмкін кішкене металл сынықтары болуы мүмкін.
4. Төртбұрышты/сопақ ыдыстарға қарағанда
дөңгелек/жинақы ыдыстарды пайдаланған
дұрыс, өйткені бұрыштағы тамақ қатты пісіп кетуі
мүмкін.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ (2-сур. қараңыз)
1) Таймер
-
Орнатуға болатын ең ұзақ пісіру уақыты –
30 минут.
-
Әр параметр 1 минут болып есептеледі.
-
Таймер санауы аяқталып, нөлдік күйге қайтқанда
қоңырау соғылады.
2) Функция/қуат тетігі
6 қуат деңгейі бар:
HIGH
Шығу қуаты 100%
(Жылдам пісіру)
M.High
Шығу қуаты 85%
(Қалыпты пісіру)
Med
Шығу қуаты 66%
(Баяу пісіру)
M.Low
Шығу қуаты 40%
(Сусындар немесе
сорпа)
Defrost
Шығу қуаты 37%
(Мұзын жібіту)
LOW
Шығу қуаты 17%
(Жылылығын сақтау)
Келесі кестеде әр түрлі өнімдердің мұзын жібітуге
жұмсалатын уақыт шамаланып берілген:
САЛМАҒЫ
МҰЗЫН ЖІБІТУ ҰЗАҚТЫҒЫ
Ет
0,1  ~  1,0 кг
1:30  ~  26:00
Құс еті
0,2  ~  1,0 кг
2:30  ~  22:00
Теңіз өнімдері 0,1  ~  0,9 кг
1:30  ~  14:00
НҰСҚАУЛАР
АСПАЗДЫҚ СЕАНСТЫ БАСТАУ
1. Тамақты пешке салып, есігін жабыңыз.
2. Қуат деңгейін таңдау үшін қуат ауыстырғышын
бұраңыз.
3. Пісіру уақытын орнату үшін таймер тетігін
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Таймер қосылғанда пеш жұмыс істей
бастайды. 10 минуттан аз уақыт таңдау керек болса,
таймерді 10 минут қылып қосыңыз, одан кейін
қажетті уақытқа кері оралыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Егер тамақты белгіленген пісіру уақыты
аяқталғанға дейін шығарып алсаңыз немесе пеш
пайдаланылмай тұрса, ТАЙМЕРДІ ӘРДАЙЫМ НӨЛДІК
КҮЙГЕ ҚАЙТАРЫП ҚОЙЫҢЫЗ. Пісіру барысында пешті
тоқтату үшін, есікті ашу түймесін басыңыз немесе
есікті тұтқасынан ұстап ашыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
1. Тазаламас бұрын пешті өшіріп, оны желіден
ажыратыңыз.
2. Пеш ішін таза ұстаңыз. Тамақ шашырап немесе
сұйықтық төгіліп, пештің қабырғаларына жабысса,
дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. Егер пеш
қатты ластанған болса, жұмсақ жуғыш затты
қолдануға болады. Бүріккіштерді және басқа да
күшті тазалағыштарды пайдаланбаңыз, себебі
олар есіктің бетіне дақ, сызат түсіріп немесе
бұлыңғыр қылуы мүмкін.
3. Сыртқы беттерді дымқыл шүберекпен
сүрту керек. Пеш ішіндегі жұмыс бөліктері
зақымдалмас үшін желдеткіш саңылауларына су
тигізбеңіз.
4. Шашыраған дақтарды кетіру үшін терезені екі
жағынан да дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
5. Басқару панелі дымданбауы тиіс. Жұмсақ,
дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Басқару панелін
тазалағанда пеш кездейсоқ қосылып кетпес үшін,
пеш есігін ашып қойыңыз.
6. Егер пештің есігінің ішіне немесе сыртына
бу жиналса, оны жұмсақ шүберекпен сүртіп
тастаңыз. Бұл — қысқа толқынды пеш жоғары
ылғалдылық жағдайында жұмыс істегенде пайда
болуы мүмкін; бұл — қалыпты жағдай.
7. Кейде тазалау үшін шыны табақты алып тастау
керек. Табақты жылы сабын сумен немесе ыдыс
жуғыш машинада жуыңыз.
8. Айналмалы сақина/ айналмалы ось: Жұмсақ
сабынды сумен жуыңыз. Таза сумен шайып
жіберіп, әбден кептіріңіз.
9. Пештен жағымсыз иіс шықса, бір стақан суды
бір лимон шырынымен және қабығымен қысқа
толқынды пеште қолдануға болатын шұңғыл
ыдысқа құйып, пеште 5 минут бойы қысқа
толқынмен қыздырыңыз. Жұмсақ шүберекпен
мұқият сүртіңіз және құрғатыңыз.
10. Пеш шамын ауыстыру қажет болған кезде
дилерден ауыстыруға қатысты кеңес сұраңыз.
11. Пешті үнемі тазалап, барлық тамақ қалдықтарын
алып тастау керек. Пешті таза күйде ұстау
талаптарын сақтамау беттің тозуына әкелуі
мүмкін, бұл құрылғының қызмет ету мерзіміне
кері әсер етіп, қауіп тудыруы мүмкін.
12. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз; оны муниципалитет ұсынған қайта
өңдеу орталығына жеткізу керек.
57

Publicidad

loading