Descargar Imprimir esta página

Bosch 0 611 919 001 Manual Original página 186

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
186 | Қазақ
Көрсетілген шаң эмиссиясының көрсеткіші мына жұмыс
шарттары бойынша анықталды:
Соққымен бұрғылау режимі
Алмалы-салмалы аспап: SDS–plus бұрғысы, диаметрі 16
мм
Нұсқау: электр құралын басқа жұмыс режимінде, басқа
алмалы-салмалы аспаптармен бірге немесе жеткілікті
техникалық қызмет көрсетпей қолдансаңыз, шаң
эмиссиясының көрсеткіші өзгешеленуі мүмкін. Бұл бүкіл
жұмыс барысындағы шаң эмиссиясын айтарлықтай
арттыра алады.
Қажет болса, пайдаланушыны шаң эмиссиясының
әсерінен қорғау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын
қолданыңыз, мысалы: P2 сүзгі класына ие респираторды
киіп жүру.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
нұсқамаларды орындаңыз.
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
u
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторда (8) аккумуляторды босату түймесі (16)
байқаусызда басылып кеткенде оның түсіп кетуінен
қорғайтын екі құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр
құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап
тұрады.
1 609 92A 80W | (05.07.2022)
– Аккумуляторды (8) шығару үшін босату түймесін (16)
басыңыз және аккумуляторды электр құралынан
тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл
түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін
көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр
құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған
немесе
Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диодтары
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтау 1× жасыл
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диодтары
Үздіксіз жарық 5× жасыл
Үздіксіз жарық 4× жасыл
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтау 1× жасыл
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқасы (15) бар электр құралын ғана
u
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны қайыру (A суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны (15) қозғалтып, қауіпсіз және ыңғайлы
жұмыс күйіне реттей аласыз.
– Қосымша тұтқаның (15) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (15) қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (15)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы
ойықта болғанына көз жеткізіңіз.
түймесін басыңыз.
Қуаты
60−100 %
30−60 %
5−30 %
0−5 %
Қуаты
80−100 %
60−80 %
40−60 %
20−40 %
5−20 %
0−5 %
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gbh 18v-28 dc