Descargar Imprimir esta página

Bosch GEX 185-LI Professional Manual Original página 134

Ocultar thumbs Ver también para GEX 185-LI Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
134 | Қазақ
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Ажарлағыш дискіні алмастыру
(A суретін қараңыз)
Ажарлау парағын (8) алып қою үшін шетінен көтеріп
тегістеу тәрелкесін (5) шығарыңыз.
Жаңа тегістеу дискін салудан алдын тегістеу тәрелкесін
(5) лас пен шаңнан тазалаңыз, мысалы, жаққышпен.
Тегістеу тәрелкесінің беті (5) жабысқақ матамен
жабдықталған болып тегістеу дискін жылдам және оңай
бекітеді.
Тегістеу дискісін (8) тегістеу тәрелкесінің (5) астына
басыңыз.
Оптималды шаңсоруды қамтамасыз еті үшін тегістеу
дискіндегі (8) ойықтардың тегістеу тәрелкесінің (5)
ойықтарымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Ажарлау тәрелкесінің қызмет ету мерзімін, әсіресе торлы
ажарлағыш құралдар (мысалы, Bosch M480)
пайдаланылған жағдайда, ұзарту үшін ажарлау тәрелкесі
мен ажарлағыш құрал арасына Pad Saver (керек-жарақ)
тетігін орнатуға болады.
Тегістеу тәрелкесін таңдау
Жұмыс түріне қарай электр құралын әртүрлі қаттылыққа
ие ажарлау тәрелкелерімен жабдықтауға болады:
– Жұмсақ ажарлау тәрелкесі: абайлап ажарлауға
арналған, дөңес беттерде де
– Орташа қатты ажарлау тәрелкесі: барлық ажарлау
жұмыстары үшін жарамды, әмбебап пайдаланылады
– Қатты ажарлау тәрелкесі: тегіс беттерде жоғары
ажарлау қуаты үшін жарамды
Ажарлау тәрелкесін алмастыру
(B суретін қараңыз)
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесін (5) бірден
алмастырыңыз.
Ажарлағыш дискіні тартып алыңыз. 4 бұранданы (9)
толықтай бұрап шығарып (T20 бұрауышының
көмегімен), ажарлау тәрелкесін (5) алып тастаңыз. Жаңа
ажарлау тәрелкесін (5) орнатып, бұрандаларды қайтадан
тартып қойыңыз.
1 609 92A 7BD | (08.04.2022)
Нұсқау: Тегістеу тәрелкесін орнатуда ұстағыш тістері
тегістеу тәрелкесінің тесіктеріне кіруін қамтамасыз етіңіз.
Нұсқау: зақымдалған ажарлау тәрелкесінің
ұстағышын (10) тек Bosch электр құралдарына арналған
өкілетті қызмет көрсету орталығында алмастыру керек.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң жинағыш қаппен өзіндік сору (C–
E суреттерін қараңыз)
Бүкіл шаң жинағыш қапты (7) құралмен толық
жанасқанша үрлеп шығару келте құбырына (11) орнатып
жылжытыңыз.
Шаң жинағыш қапты (12) босату үшін бүкіл шаң жинағыш
қапты (7) үрлеп шығару келте құбырынан (11) тартып
шығарыңыз. Адаптерді (13) шаң жинағыш қаптан (12)
бұрап шығарыңыз
және шаң жинағыш қапты
босатыңыз.
Нұсқау: шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін
шаң жинағыш қапты (12) дер кезінде босатып тұрыңыз.
Тік жазықтықтарда жұмыс істегенде электр құралын шаң
жинағыш қабы (7) төмен қарап тұратындай етіп ұстап
тұрыңыз.
Сыртқы сорғыш (F суретін қараңыз)
Сорғыш шлангын (14) сору құбырына (11) салыңыз.
Сорғыш шлангін (14) шаңсорғышқа қосыңыз. Осы
нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде
сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading