Descargar Imprimir esta página

Makita 1912T0-4 Manual De Instrucciones página 229

Accesorio de corte a ras de piso

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 47
3.
Ұшатын қоқыстардан немесе құлайтын
нысандардан қорғану үшін қорғаныш
көзілдірігін, қорғаныш каскасы мен
қорғаныш қолғабын киіңіз.
Жүздерді ұстаған кезде немесе жүздің
4.
бұрышын реттеген кезде, қорғаныш
қолғабын киіңіз. Жүздер қолды қатты кесіп
кетуі мүмкін.
Пайдалану
Құралмен жұмыс істеген кезде, әрдайым екі
1.
қолыңызды пайдаланыңыз. Бір қолыңызбен
ғана ұстасаңыз, құралды басқара алмай
қалуыңыз, содан жарақат алуыңыз мүмкін.
2.
Құралмен жұмыс істегенде құралды
пайдалану күйінің қауіпсіз екеніне көз
жеткізіңіз. Құралға тым қатты ұмтылу
(әсіресе сатыда) өте қауіпті. Теңселетін
немесе берік емес орында тұрып жұмыс
істемеңіз.
Құралмен жұмыс істегенде бірнеше аспа
3.
белдігін және/немесе иық белбеуін бір
уақытта тақпаңыз.
4.
Жұмыс кезінде айналадағы адамдар
мен жануарлар құралдан кемінде 15 м
қашықтықта болуы керек. Біреу жақындаса,
құралды өшіріңіз.
Кескіш құрал қандай да бір затқа соғылса
5.
немесе әдеттен тыс шу немесе діріл шығара
бастаса, құралды өшіріп, аккумулятор
картриджін дереу шығарып алыңыз және
құралдың тоқтағанын күтіңіз. Содан кейін
келесі қадамдарды орындаңыз:
құралдың зақымдалмағанын тексеріңіз
бөлшектердің босап кетпегенін
тексеріп, босап кетсе, бекемдеңіз
кез келген зақымдалған бөлшектерді
жөндеңіз немесе түпнұсқа қосалқы
бөлшектермен ауыстырыңыз.
6.
Құралды тек өз мақсатымен пайдаланыңыз.
Құралды басқа мақсатпен пайдалануға
болмайды.
Келесілерді орындау алдында құралды өшіріп,
7.
аккумулятор картриджін алып тастаңыз:
тазалау немесе бітеліп қалған затты
тазалау,
тексеру, техникалық қызмет көрсету
немесе құралды жөндеу,
металға арналған жалпақ қайшы
жүздерінің жұмыс күйін реттеу,
құралды қараусыз қалдыру.
8.
Құралды іске қоспай тұрып оның қажетті
жұмыс күйінде дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
9.
Зақымдалған немесе қатты тозған металға
арналған жалпақ қайшы жүздері бар
құралмен жұмыс істемеңіз.
10. Айналаңызда не бар екеніне назар
аударыңыз және құралдың шуына
байланысты естілмейтін ықтимал қауіпке
көңіл бөліңіз.
11.
Жұмыс кезінде металл қоршауға немесе
басқа қатты затқа абайсызда тиіп кетуден
сақтаныңыз. Жүз сынып, ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін.
12. Құралдың кездейсоқ іске қосылуынан
сақ болыңыз. Аккумулятор картриджі
орнатылған кезде, саусағыңызды
ауыстырып-қосқышқа қойып, құралды
тасымаңыз. Аккумулятор картриджін
орнатқанда, ауыстырып-қосқыштың
өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
13. Құралды көтергенде немесе ұстағанда,
ашық кескіш жүздерді немесе кескіш
жиектерді ұстауға болмайды.
14. Құралға күш түсірмеңіз. Оны мақсатты
номиналды көрсеткіштерімен қолдансаңыз,
жұмысты жақсырақ істейді және жарақат алу
қаупі төмен болады.
15. Құралды жаңбырда немесе дымқыл не
ылғалды жағдайда пайдаланбаңыз. Электр
моторы суға төзімді емес.
16. Құралды пайдаланған кезде оны қатты
ұстаңыз.
17. Қажет болмаса, құралды жүктемесіз
пайдаланбаңыз.
18. Металға арналған жалпақ қайшы жүздерін
тексеруден, ақаулықтарды жоюдан немесе
металға арналған жалпақ қайшы жүздеріне
ілінген бөгде заттарды алудан бұрын,
құралды өшіріп, аккумулятор картриджін
алып тастаңыз.
19. Металға арналған жалпақ қайшы жүздерін
өзіңізге немесе басқаларға бағыттамаңыз.
20. Жұмыс кезінде жүздер арасына бөгде
заттар тұрып қалуына байланысты тоқтап
қалса, құралды өшіріп, аккумулятор
картриджін шығарып алыңыз, содан кейін
бөгде заттарды қысқыш сияқты құралмен
алып тастаңыз. Бөгде заттарды қолыңызбен
алсаңыз, алынып жатқан бөгде заттар әсерінен
жүздер қозғалып, жарақаттауы мүмкін.
21. Пышақ жабынын таққанда немесе шешіп
алғанда, қолыңызды жарақаттап алмаңыз.
Электр жүйесіне және аккумуляторға қатысты
қауіпсіздік
1.
Қауіпті ортада жұмыс істемеңіз. Құралды
дымқыл немесе ылғалды жерлерде
пайдаланбаңыз немесе жаңбырда
қалдырмаңыз. Құралға су кіретін болса, ток
соғу қаупі артады.
2.
Аккумулятор(лар)ды отқа тастамаңыз.
Элементі жарылуы мүмкін. Кәдеге жарату
бойынша арнайы ықтимал нұсқауларды
жергілікті нормалардан қараңыз.
Аккумулятор(лар)ды ашпаңыз немесе
3.
бүлдірмеңіз. Құрамындағы электролит өте
улы және көз немесе теріні зақымдауы мүмкін.
Жұтып қойған жағдайда улы болуы мүмкін.
4.
Аккумуляторды жаңбыр астында немесе
ылғалды жерлерде зарядтамаңыз.
Аккумулятор картриджін сыртта
5.
зарядтамаңыз.
Зарядтау ашасымен және клеммаларымен
6.
қоса зарядтау құрылғысын дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
229 ҚАЗАҚША

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

En422mp