ЕСКЕРТПЕ. Алынбалы панельдер өзара ауыстырмалы және екіжақты: бір
жағы қырлы, ал екіншісі — жазық бетке ие. Өнімдерді өз таңдауыңыз
бойынша кез келген жағында дайындауға болады. Панельдерді майды
ағызу науасы ❿ артқа қарайтындай етіп орнатыңыз: май одан майды
жинауға арналған астаушаға ❽ ағып кетуі тиіс. Грильдің алынбалы
панельдерін бірінші қолданар кезінде олардың жұмыс бетіне қағаз
майлықпен аспаздық майдың жұқа қабатын жағыңыз. Қажет болса күюге
қарсы жабынның жақсырақ жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қайталап
тағы бір қабат май жағыңыз. Алғаш рет құрылғы тамақ өнімдерінсіз
шамамен он (10) минут бойы қызады. Аз мөлшерде жеңіл түтін немесе иіс
қалыпты және зиянсыз болып саналады.
Пайдалану
Грильді жабыңыз. Оны розеткаға қосыңыз. Осыдан кейін бірден дыбыстық
сигнал естіледі. Бақылау панелінде ❸ барлық индикаторлар жанып,
сөнеді. Бақылау панелінің ортасындағы цифрлық таблода
(с
суретін қараңыз) «OFF» («Сөндірулі») жазуын көресіз. Ол гриль күту
режимінде екенін және қызбайтынын білдіреді. Батырмалар арқылы
қыздырудың үш режимінің бірін таңдаңыз: «Both Grill» – грильдің екі
панелі, «Upper Grill» – грильдің жоғарғы панелі, «Lower Grill» – грильдің
төменгі панелі. Таблода әдепкі бойынша немесе соңғы баптауларға сәйкес
орнатылған қыздыру температурасы мен уақыты көрсетіледі. Олардың
мәндерін таблоның екі жағында температура
мен уақыттың
көрсеткіштерінің қасында орналасқан тиісті «Жоғары»
және «Төмен»
батырмаларына басып, өзгертуге болады.
ЕСКЕРТПЕ. Қыздыру температурасы мен уақытын тікелей өнімді дайындау
кезінде тиісті «Жоғары» және «Төмен» батырмаларына басып, өзгертуге
болады. Температураны реттеу үшін осы батырмаларды күту режимінде бір
мезгілде басу температураны өлшеу шкаласының °C-ден °F-ке өтуіне әкеледі.
Алдын ала қыздыру. «Start» батырмасын басыңыз. Таблода «PRE» жазуы
пайда болады. Алдын ала қыздыру аяқталғаннан кейін 5 рет дыбыстық
сигнал естіледі.
ЕСКЕРТПЕ. Алдын ала қыздыру кезінде грильге өнімдерді салмаңыз.
Өнімді дайындау. Грильді ашып, өнімдерді төменгі алынбалы бетке
қойыңыз. Грильді жабыңыз.
80
aeno.com/documents