қазақ
9 Қызмет көрсету және жөндеу
9.1
Қуаттағышқа қызмет көрсету және оны
жөндеу
Қуаттағышқа қызмет көрсетілуі және оның жөнделуі
мүмкін емес.
► Егер қуаттағыш жарамсыз немесе бұзылған болса:
Қуаттағышты ауыстыру.
► Егер біріктіруші сым жарамсыз немесе бұзылған
болса: Қуаттағышты пайдаланбаңыз және сымның
ауыстырылуын STIHL мамандандырылған дилерінің
жасауын қамтамасыз етіңіз.
10 Ақаулықтарды кетіру
10.1 Қуаттағыштың ақаулықтарын кетіру
Егер аккумулятор қуатталса және қуаттағыштағы жарық
диоды қызыл болып жанса, қуаттағыш пен аккумулятор
арасындағы электрлік қосылыс бұзылған.
► Аккумуляторды алып тастаңыз.
► Қуаттағыштағы электрлік түйіспелерді тазартыңыз.
► Аккумуляторды салыңыз.
► Егер аккумулятор әлі де қуатталса және
қуаттағыштағы жарық диоды қызыл болып жанса:
Қуаттағышты қолданбаңыз және STIHL
компаниясының мамандандырылған сату орталығына
хабарласыңыз.
Аккумулятор не қуаттағыш жарамды емес.
224
11 Техникалық сипаттамалар
11.1 STIHL AL 101, AL 300, AL 500 қуаттағыштары
– Атаулы кернеу: паспорттық деректері бар фирмалық
тақтайша
– Жиілік: паспорттық деректері бар фирмалық тақтайша
– Номинал күші: паспорттық деректері бар фирмалық
тақтайшаны қараңыз
– Қуаттау тогы: паспорттық деректері бар фирмалық
тақтайшаны қараңыз
– Пайдалану және сақтау үшін температураның рұқсат
етілген ауқымы: + 5 °C-ден + 40 °C-ге дейін
Қуаттау уақыты төменде www.stihl.com/charging-times
көрсетілген.
11.2 Ұзартатын сымдар
Ұзартатын сымды пайдалану оның жерге тұйықтау
сымының болуын, ең кем дегенде, сымның кернеуі мен
ұзыңдығына байланысты келесі көлденең қималарының
болуын көздейді:
220 м-ден 240 м-ге дейін
– Сымның ұзындығы 20 м-ге дейін: 1,5 мм²
– Сымның ұзындығы 20 м-ден 50 м-ге дейін: 2,5 мм²
100 м-ден 127 м-ге дейін
– Сымның ұзындығы 10 м-ге дейін: AWG (Сымдардың
Америкалық калибрі) 14 / 2,0 мм²
– Сымның ұзындығы 10 м-ден 30 м-ге дейін: AWG
(Сымдардың Америкалық калибрі) 12 / 3,5 мм²
11.3 REACH
REACH дегеніміз химикаттарды тіркеуге, бағалауға және
жіберуге арналған ЕҚ қаулысы дегенді білдіреді.
9 Қызмет көрсету және жөндеу
0458-511-9921-C