Функционалды Жұмыс Істеу Әдісі; Пайдалануға Ендіру; Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GDR 14,4 V-EC Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GDR 14,4 V-EC Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 28
154 | Қазақ
Жүйеге қарай алмалы-салмалы аспап (17) аспап
патронында (1) аздап бос тұрады; бұл жұмысына/
қаупсіздігіне әсер етпейді.
GDX 14,4 V-EC/GDX 18 V-EC:
Кейбір алмалы-салмалы аспаптар (мысалы қос биталар)
аспаптар патронында қатты бекітілмейді.
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
u
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9) ортаңғы күйге
орнатып, электр құралын кездейсоқ қосылуынан
қорғаңыз.
Зарядталған аккумуляторды (4) аккумулятор берк
бекітілгенше алдыңғы жағынан электр құралының
тірегіне салыңыз.
Бұрау бағытын реттеу (D суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (9) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (10) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (9) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (9) оңға тірелгенше
басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (10)
басып тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (10)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (10) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
1 609 92A 4PU | (16.10.2018)
Қосқышты/өшіргішті (10) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Айналымдар санын/қағулар санын таңдау
(6) түймесімен қажетті айналу жиілігін/соққылар санын 3
деңгейде алдын ала таңдауға болады. (6) түймесін айналу
жиілігінің индикаторында (7) қажетті реттеу
көрсетілгенше басыңыз. Таңдалған параметр сақталады.
Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын
материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты
тәжірибе арқылы анықтауға болады.
"PowerLight" шамын қосу/өшіру
(11) шамын іске қосу үшін (8) түймесін басыңыз. (11)
шамын өшіру үшін (8) түймесін қайтадан басыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұрау моменті қағу ұзақтығына байланысты.
Максималдық бұрау моменті барлық қағулар арқылы
жетілген бұрау моменттерінің қосындысынан шығады.
Максималдық бұрау моменті 6 - 10 секундтық қағу
ұзақтығынан соң жетіледі. Бұдан былай тарту, бұрау
моменті минималды көлемге көтеріледі.
Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту бұрау моменті
үшін есептеу керек. Дәл жетілген тарту бұрау моментін
әрдайым динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі біріктірулер
Сынауда бір қағу әдісінде жетілген бұрау моменттері
өлшеніп диаграммаға өткізілсе бұрау моменті әдісінің
қисық сызығы пайда болады. Қисық сызық биіктігі
максималды жетілетін бұрау моментіне сай, құламалығы
жетілетін уақытты көрсетеді.
Бұрау моментінің әдісі төмендегі факторларға
байланысты:
– Бұранда/сомындардың қаттылығы
– Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
– Бұралатын материал қаттылығы
– Бұрандалы қоспаның майланғаны
Сай ретте төмендегі пайдалану жағдайлары пайда
болады:
– Қатты тірек металдан металға біріктіруде төсемдік
шеңберлерді пайдаланғанда пайда болады. Қысқа қағу
уақытынан соң максималды бұрау моментіне жетіледі
(құламалы сипаттамалы сызық). Керек болмаған ұзақ
қағу уақыты машинаға зиян тигізеді.
– Иілгіші тірек металдан металға біріктіруде, бірақ
серіппелі шеңбер, дискілік серіппе, тіректі болт
немесе конустық тіректік бұрандаларды / сомындарды
және ұзартқыштарды пайдалануда пайда болады.
– Жұмсақ тірек металды ағашқа біріктіруде немесе
тірек ретінде қорғасынды немесе талшықты
шеңберлерді пайдалануда пайда болады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido