Алмасты Колонкалы Бұрғыларға Арналған Қауіпсіздік Нұсқаулары - Hilti DD AF-CA Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para DD AF-CA:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 57
▶ Электр құралын қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр
құралының айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралын жақсырақ басқаруға мүмкіндік
береді.
▶ Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралының айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын
шаш оларға ілінуі мүмкін.
▶ Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
▶ Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралына арналған қауіпсіздік
ережелерін бұзбаңыз, тіпті электр құралын жиі қолданатын тәжірибелі пайдаланушы
болсаңыз. Мұқиятсыз қолдану бірнеше секундта ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
Электр құралын қолдану және оған қызмет көрсету
▶ Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралын қолданыңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
▶ Сөндіргіші бұзылған электр құралын қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құралы
қауіпті және оны жөндеу керек.
▶ Электр құралын реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс
алдында розеткадан ашаны және/немесе электр құралынан алмалы-салмалы аккумуляторды
шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
▶ Қолданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен таныс
емес немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
▶ Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз
қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр
құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың
зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық
қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
▶ Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
▶ Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б.
пайдаланыңыз.
Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
2.2
Алмасты колонкалы бұрғыларға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Бұрғылау жұмыстарын орындаған кезде судың қолданылуын талап ететін жерлерде, суды
жұмыс аймағынан алшақ қойыңыз немесе сұйықтық жинағышты қолданыңыз. Мұндай сақтық
шаралары жұмыс аймағын құрғақ күйінде ұстайды және ток соғу қаупін азайтады.
▶ Жұмыстар орындаған кезде электр құралды оқшауланған беттерінен ұстаңыз, өйткені кескіш
құрал жасырын электр сымдарына немесе өзінің байланыс сымына тиюі мүмкін. Электр
сымдарына тигенде электр құралдың қорғалмаған металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл
электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
▶ Алмасты бұрғылау кезінде құлақ қорғанысын тағыңыз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті
жоғалуы мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы аспап бұғатталған кезде, ешбір беріліс қоспаңыз және құралды өшіріңіз.
Қысылудың себебін тексеріп, қысылған алмалы-салмалы аспап үшін шешім табыңыз.
▶ Өңделетін бұйымға енгізілген алмасты бұрғылау станогын қайта іске қосу қажет болғанда,
іске қосу алдында алмалы-салмалы аспаптың еркін айналатынын тексеріңіз. Алмалы-салмалы
аспап қысылған кезде, ол айналмауы мүмкін және бұл құралға шамадан тыс жүктеменің түсуіне
апарып соғуы мүмкін немесе алмасты бұрғылау станогының өңделетін бұйымнан шығып кетуіне
апаруы мүмкін.
▶ Станинаны өңделетін бұйымға анкер мен бұрандалар арқылы бекіткен кезде, қолданылатын
бекіткіш аспапты қолдану барысында ұстап тұруға қабілетті екендігін тексеріңіз. Өңделетін
*2077904*
Printed: 22.05.2019 | Doc-Nr: PUB / 5209129 / 000 / 07
2077904
нұсқауларға сай
Қазақ
287

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido