OBJ_BUCH-1714-005.book Page 175 Wednesday, December 3, 2014 2:00 PM
Бүріккіш
Сауытын толығымен бүріктіріп босатып алыңыз. Бұйым
ішінде ешбір химиялық заттарын немесе қалдықтарды
сақтамаңыз.
Ішіндегі сұйықтықты өсімдіктерді қорғау үшін химиялық
бұйымның нұсқауларында көрсетілгендей және жергілікті
заңдар мен ережелерге назар аудара отырып кәдеге
жаратыңыз.
Сауытты шаю үшін оны 1/3 деңгейінде таза сумен
толтырыңыз. Тазалау үшін ешқашан жанып кете алатын
сұйықтықтарды қолданбаңыз. Аса күшті немесе
абразивтік бұйымдарды қолданбаңыз. Өсімдіктерді
қорғау үшін химиялық заттың шығарушысы тарабынан
талап етілетін жеке қорғаныс жабдықтарын, мысалы
қолғапшаларын, қорғау көзәйнегін және т.б. әрқашан
қолданып жүріңіз.
Қолданылмаған сұйықтықтарды өсімдіктерді қорғау үшін
химиялық заттың шығарушысы тарабынан талап етілген
түрде кәдеге жаратыңыз.
Бақ электр бұйымын қауіпсіз, құрғақ және балалар қолы
жете алмайтын жерде сақтаңыз. Бақ электр бұйымы
үстінен ешбір басқа заттарды қоймаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері
www.bosch-garden.com
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек «Роберт Бош»
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС «Роберт Бош»
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Bosch Power Tools
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.
Кәдеге жарату
Бақ электрбұйымдарын, қосымша бөлшектер мен
қорапшаларды қоршаған ортаға зиян келдірмейтін кәдеге
жарату қажет.
Бақ электрбұйымдарын, электр оталдырғыштары мен
аккумуляторларын/батареяларын тұрмыстық қалдықтар
контейнеріне салмаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропалық 2012/19/EU директивасына
сәйкес, қолдануға жарамсыз электр және
электроника бұйымдары мен құралдары,
және 2006/66/EC директивасына сай,
бұзылған немесе қолдануға жарамсыз ескі
аккумуляторлар/батареялар бөлек
іріктеліп жиналып, қоршаған ортаға зиян келтірмей қайта
қолдану үшін өңделуге тапсырылуы қажет.
Ішіне құрастырылып салынған аккумуляторларды
электр бұйымнан тек қана кәдеге жарату үшін
шығарып алуға болады. Тұрқы қаптауын ашу арқылы
бақ электр бұйымның бұзылып қалуы мүмкін.
Аккумуляторды бақ электр бұйымынан шығарып алу үшін
Қосу/Өшіру түймешігін аккумулятор толығымен тоқтан
босатылғанынша дейін баса беріп тұрыңыз.
Тұрқысындағы бұрандаларды бұрып алып, тұрқы
қаптауын шығарыңыз алыңыз. Аккумулятордағы
біріктемелерді ажыратып, аккумуляторды шығарып
алыңыз.
Аккумуляторлар/батареялар:
Li-ион:
«Тасымалдау» тарауындағы
нұсқауларына назар аударыңыз.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Қaзақша | 175
F 016 L81 214 | (3.12.14)