OBJ_BUCH-2756-002.book Page 133 Wednesday, August 31, 2016 4:02 PM
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау тереңдігін орнату (D суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Цангалық қысқышты 28 тартыңыз. Аз аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан 11 ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға 11 басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді орнатыңыз.
Цангалық қысқышты 28 берік бекемдеңіз.
Цангалық қысқышты 28 жібергеннен кейін аралау
тереңдігін толығымен орнату мүмкін болмаса, онда
цангалық қысқышты 28 арадан тартыңыз және төмен
қарай бұрыңыз. Цангалық қысқышты 28 жіберіңіз. Осы
әрекетті қажет аралау тереңдігін орнатқанша қайталаңыз.
Цангалық қысқышты 28 бекемдегеннен кейін аралау
тереңдігін жеткілікті бекіте алмасаңыз, цангалық
қысқышты 28 арадан ары тартыңыз және жоғары қарай
бұрыңыз. Цангалық қысқышты 28 жіберіңіз. Бұл әрекетті
қажет кесу тереңдігін орнатқанша қайталаңыз.
Бағыт бұрышын реттеу
Құлақты бұранданы 5 босатыңыз. Араны бұраңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласында 4 қажет мәнді орнатыңыз.
Құлақты бұрғыны 5 қайта берік бекітіңіз.
Ескертпе: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында 29 көрсетілген саннан азырақ.
Аралау бұрышының белгілері
45
0
0° аралау бұрышының белгісі 8 тік бұрышпен аралау
кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45° 7 аралау
бұрышының белгісі 45° ара полотносының күйін
көрсетеді.
Bosch Power Tools
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
(3 601 FA9 00.)
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 2 басып кейін қосқыш/өшіргішті 1 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 1
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 1
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Қосу/өшіру
(3 601 FA9 0K./3 601 FA9 0L.)
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 1 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 1 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 2 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 1 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 2 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 1 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
45
0
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Қaзақша | 133
1 609 92A 3BP | (31.8.16)