Тағайындалу Бойынша Қолдану; Бейнеленген Құрамды Бөлшектер - Bosch GOP 18V-28 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GOP 18V-28 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 36
OBJ_BUCH-2789-002.book Page 192 Thursday, June 30, 2016 9:37 AM
192 | Қaзақша
тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан
қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы,
ажарлау материалының ұзақ өңделуінен қызуы аса
жоғары қауіп тудырады.
 Қолыңызды аралау өрісінен тыс ұстаңыз.
Дайындама астынан ұстамаңыз. Ара полотносына
тию жарақаттану қауіпін тудырады.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспаптарды алмастыру кезінде
қорғау қолғабын киіңіз. Алмалы-салмалы аспаптар
ұзақ уақыт жұмыс істегеннен қызады.
 Ылғалды материалдарды (мысалы тұсқағаз) және
ылғалды жерде қырмаңыз. Электр құралының ішіне
су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін артады.
 Өңделетін бетті құрамында еріткіш бар
сұйықтықтармен сүртпеңіз. Қыру кезіндегі
материалдар қызып кетуі себебінен улы булар пайда
болуы мүмкін.
 Қырғышпен жұмыс істеу кезінде сақ болыңыз.
Аспап тым өткір болып жарақаттауы мүмкін.
1 609 92A 3BT | (30.6.16)
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы ағаш заттектер, пластмасса, гипс, түсті
металды және бекіту элементтерін (мысалы шыңдалмаған
шеге, қапсырма) аралау және ажыратуға арналған.
Жұмсақ қабырға плиткаларын өңдеу және кіші
аймақтарды құрғақ ажарлау мен қыруға да арналған.
Әсіресе қыруға жақын және біріктіру жайындағы
жұмыстарға арналған. Электр құралын тек Bosch
жабдықтарымен пайдалану қажет.
Осы элекр құралының жарығы электр құралының тікелей
жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде
бөлмені жарықтандыруға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қосқыш/өшіргіш
2 Желдеткіш саңылауы
3 Аккумулятор
4 Тербелу көлемін таңдау дөңгелегі
5 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы*
6 Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының
пернесі*
7 Аспаптың құлпын ашатын SDS-тұтқышы
8 Аспап пантроны
9 Қысқа ара полотносы*
10 Жұмыс жарықтығы
11 Аккумуляторды босату түймесі
12 Шаңсорғыш*
13 Тегістеу пластинасы
14 Тегістеу дискі*
15 Тереңдік шектегішінің тарту тұтқышы
16 Тереңдік шектегіші*
17 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
18 Шаңсору үшін тартқыш қысқыш
19 Аспирациялық келте құбыр
20 Сору адаптері*
21 Сорғыш шланг*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido