Пайдалануға Ендіру; Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GKS 65 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GKS 65 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
OBJ_BUCH-359-005.book Page 155 Wednesday, February 4, 2015 9:52 AM
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 2 басып кейін қосқыш/өшіргішті 1 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 1
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 1
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері (GKS 65 GCE)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Тұрақты электроника (GKS 65 GCE)
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
(GKS 65 GCE)
Артық жүктеме кезінде электр құрал өшеді және қайтадан
жұмыс температурасының оңтайлы ауқымында
қосылады. Сөндіргішті 1 жіберіңіз және жұмысты
жалғастыру үшін құралды қайтадан қосыңыз.
Айналымдар санын таңдау (GKS 65 GCE)
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші арқылы 3 қажетті
айналымдар санын реттеуге болады.
Қажет айналымдар саны пайдаланылатын аралау
дискісіне байланысты (пайдалану нұсқаулығының
соңындағы аралау дискілеріне шолуды қараңыз).
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Bosch Power Tools
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Синтетикалық материалдарды аралау (GKS 65 GCE)
Ескертпе: Синтетикалық материалдарды, әсіресе ПВХ,
аралау кезінде электрстатикалық заряды болуы мүмкін
ұзын серіппелі жоңқа пайда болады. Осыған байланысты
жоңқаны шығаратын жол 15 бітелуі және маятниктік
қорғағыш қаптама 12 сыналануы мүмкін. Шаңды сорумен
жұмыс істеген жөн.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз және
оны жайлап аралаңыз. Содан кейін тістер жабысып
қалмауы үшін үзілістерсіз жұмыс істеңіз.
Түсті металдарды аралау (GKS 65 GCE)
Ескертпе: Түсті металдарға арналған аралау дискісін
пайдаланыңыз. Бұл таза аралауды қамтамасыз етеді және
аралау дискісінің сыналануын болдырмайды.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз және
оны жайлап аралаңыз. Шағын берумен, үзіліссіз жұмыс
істеңіз.
Профильдерде аралауды әрқашан жұқа жағында
бастаңыз, U тәрізді профильдерде аралауды ешқашан
ашық жағынан бастамаңыз. Аралау дискісінің сыналануын
болдырмау және электр құралдың кері соққысын
болдырмау үшін ұзын профильдерді тіреңіз.
Жеңіл материалдарды (минералдық толтырғыштары
бар материалдар) аралау (GKS 65 GCE)
 Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң
нұсқауларын және материал өндірушісінің
ұсыныстарын орындаңыз.
Жеңіл құрылыс материалдарын тек құрғақ күйде және тек
шаңсорғышпен бірге аралауға рұқсат етіледі. Әрқашан
бағыттауыш шинамен 30 (құрал) бірге жұмыс істеңіз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Параллельді тірек бар аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тірек 11 дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Құлақты бұранданы 7 жіберіңіз және параллельді тірек 11
шкаласын бағыттауыш бойымен тірек тақтасына 13
орнатыңыз. Сәйкес аралау бұрышының белгісінің 9
көмегімен шкалада қажет енді орнатыңыз немесе 10
„Аралау бұрышының белгілері" тарауын қараңыз. Құлақты
бұранданы 7 қайтадан берік бекітіңіз.
Қaзақша | 155
1 609 92A 14U | (4.2.15)

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gks 65 g professionalGks 65 gce professional

Tabla de contenido