Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
да, оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның
қызметінің мерзімін ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезін-
де туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс
кезінде қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
• Осы бұйымды пайдаланбас бұрын пайдалану бойын-
ша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, оны
анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты
дұрыс пайдалану оның қызметінің мерзімін ұзартады.
• Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда қол-
данарналған құрылғы болып табылады және
пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде немесе
өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдай-
ларында қолданыла алады. Құрылғыны өнеркә-
сіптік немесе кез келген басқа мақсатсыз пайда-
лану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын бұзу
болып табылады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал
салдарлар үшін жауап бермейді.
• Құрылғыны электр желісіне қосар алдында
оның кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне
сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техни-
калық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін
қараңыз).
• Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген
ұзартқыш қолданыңыз: параметрлердің сәйкес-
сіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің жа-
нуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз, — бұл электр қауіпсіздігінің міндетті
талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның же-
рлендірілетініне көз жеткізіңіз.
• Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны та-
залаған немесе тасымалдаған кезде розеткіден
өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселі-
нен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап
қызады! Абай болыңыз! Аспап корпусына
жұмыс істеп тұрғанда қол тигізбеңіз.
Ыстық будан күйіп қалмау үшін қақпақты
ашқанда құрылғы үстіне еңкеймеңіз.
RK-M1721-E
GBR
FRA
DEU
LTU
LVA
EST
SVK
CZE
POL
KAZ
UKR
KAZ
KAZ
121