OBJ_BUCH-2385-004.book Page 106 Tuesday, November 7, 2017 9:09 AM
106 | Қaзақша
Қауіпсіздік нұсқаулары
Сандық тексеру камерасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпе-
лерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға апаруы
мүмкін.
Тексеру камерасын тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
тексеру камерасының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қаупі бар ортада тексеру камерасын
пайдаланбаңыз. Тексеру камерасы ұшқын шығарып,
шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Тексеру камерасымен кез келген жұмыстарды
(мысалы, орнату, қызмет көрсету және т.б.) баста-
май тұрып, сондай-ақ, тексеру камерасын тасымал-
дау және сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қауіпі бар.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумуля-
тордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі
мүмкін.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды тек Bosch тексеру камерасымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккуму-
лятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып
кетуі мүмкін.
1 609 92A 3Z0 | (7.11.17)
Тексеру камерасы автоматты өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Тексеру камерасын іске қосудан алдын жұмыс
аймағын тексеріңіз. Тексеру камерасының ешбір
бөлігі электр сымдарға, әрекет жасап жатқан
бөліктерге немесе химиялық заттектерге тимеуі
тиіс. Жұмыс аймағында жатқан электр сымдардың
электр тізбегін үзіңіз. Бұл шаралар жарылу, тоқ соғу
және зияндар қаупін төмендетеді.
Жұмыс аймағында денсаулыққа зиянды заттектер
болғанда қорғағыш көзілдірік, қорғау қолғабы
немесе респиратор сияқты жеке қорғайтын
жабдықтарды киіңіз. Су шығатын каналдар немесе
ұқсас жайларда улы, жұқпалы, ащы немесе басқа
жолмен денсаулыққа зиянды болатын қатты, сұйық
немесе газ пішініндегі заттектер бар болуы мүмкін.
Денсаулыққа зиянды заттектер жатқан аймақтар-
дың таза болуына назар аударыңыз. Жұмыс
кезінде тамақ ішпеңіз. Денсаулыққа зиянды заттек-
терге тимеңіз және жұмыс істеуден соң қол мен
заттарға тиген дене мүшелерін ыстық сілті ерітіндісімен
тазалаңыз. Осылай денсаулыққа зиян қаупі төмендейді.
Тексеру камерасын пайдалануда суда тұрмаңыз.
Суда тұруда тоқ соғу қаупі бар болады.
Магнит
Магнитті 23 кардиостимулятор жанына
қоймаңыз. Магнит арқылы кардиости-
мулятор жұмысына әсер ететін өріс
жасалады.
Магнитті 23 магнитті дерек тасымалдаушылар мен
магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз.
Магнит әсері қалпына келтіріп болмайтын деректер
жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Тексеру камерасының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Тексеру камерасы қолжетімсіз немесе қараңғы
аймақтарды тексеруга арналған. Оны және жинақтағы
көмек құралдарын камера басында орнатылғаннан соң
кіші және жеңіл заттарды (мысалы, кіші бұрандаларды)
жылжыту мен алып қою үшін де пайдалануға болады.
Сандық тексеру камерасын медициналық мақсаттарда
пайдалану мүмкін емес. Ол және құбыр бітелуін тазалау
немесе кабельдерді тартуға арналмаған.
Bosch Power Tools