Ақаулықтарды Жою - Samsung LEVEL ON PRO Manual Del Usuario

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 82
Ақаулықтарды жою
Samsung сервис орталығына хабарласпай тұрып, келесі шешімдерді қолданып көріңіз. Кейбір
жағдайлар құлақаспабыңызға қолданылмауы мүмкін.
Құлақаспап қосылмайды
Батареяның қуаты толықтай таусылған кезде, құлақаспап қосылмайтын болады.
Құлақаспапты қосудың алдында батареяны толықтай зарядтаңыз.
Батарея дұрыс зарядталмайды (Samsung бекіткен USB кабельдері
және зарядтағыштар үшін)
USB кабелі немесе зарядтағыш дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
Егер ақаулық әлі де шешілмей жатса, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз.
Басқа Bluetooth құлақаспабы құрылғыңызды таба алмады
• Құлақаспап Bluetooth жұптастыру режимінде екенін тексеріңіз.
• Құлақаспапты қайта іске қосып, оны қайтадан іздеңіз.
• Құлақаспап пен екінші Bluetooth құрылғысы Bluetooth қосылым ауқымының (10 м) ішінде
екеніне көз жеткізіңіз.
Егер жоғарыдағы кеңестер ақаулықты шешуге көмектеспесе, Samsung сервис орталығына
хабарласыңыз.
Құлақаспап басқа Bluetooth құрылғысына қосыла алмайды
• Құлақаспап пен екінші Bluetooth құрылғысы ең үлкен Bluetooth ауқымының шеңберінде
(10 м) екеніне көз жеткізіңіз.
• Қосылғыңыз келетін құрылғыда барлық жұптастырылған құрылғыларды ажыратып, қайта
қосылып көріңіз.
Қазақ тілі
16
16

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Eo-pn920

Tabla de contenido