Epson MOVERIO Pro Smart BO-QC2000 Manuales De Usuario página 85

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 34
Батареяны MOVERIO Pro Smart Headset BT-2000 құрылғысы мен BO-BP2000
батареясының пайдаланушы нұсқаулығына сай қоқысқа лақтырыңыз.
Бұл өнімді алкоголь немесе бояу сұйылтқышы сияқты ұшқыр заттар бар
орында немесе өрт жанында пайдаланбаңыз. Бұлай істеу ток соғуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Егер өнім ішінен түтін, әдеттен тыс иіс шықса немесе әдеттегіден тыс шу
естілсе не басқа да қалыпты емес күйде болса оны пайдалануды
тоқтатыңыз. Бұлай істеу ток соғуға немесе өртке әкелуі мүмкін. Ақаулық
орын алса, ашаны розеткадан дереу ажыратыңыз, содан кейін кеңес алу
үшін дилерге не Seiko Epson сервистік орталығына хабарласыңыз.
Өнім ішіне бөгде заттар не су немесе басқа да сұйықтық енген болса, оны
пайдалануды тоқтатыңыз. Бұлай істеу ток соғуға немесе өртке әкелуі
мүмкін. Ашаны розеткадан дереу ажыратыңыз, содан кейін кеңес алу
үшін дилерге не Seiko Epson сервистік орталығына хабарласыңыз.
Зарядтау клеммасына бөгде заттар немесе май немесе су сияқты
сұйықтық жоқ екенін тексеріңіз. Зарядтау клеммасы зақымдалуы немесе
батарея толық зарядталмауы мүмкін.
Зарядтау клеммаларын жалғау (қысқа тұйықтау) үшін сым сияқты металды
пайдаланбаңыз. Сондай-ақ, бұл өнімді металл алқалармен, түйреуіштермен
немесе сол сияқтылармен алып жүрмеңіз немесе сақтамаңыз. Бұлай істеу
қызуға, түтінге, жыртылуларға, өртке немесе ағуларға әкелуі мүмкін.
Зарядтау клеммаларына су әсерін тигізбеңіз. Бұлай істеу қызуға, түтінге,
жыртылуларға, өртке немесе ағуларға әкелуі мүмкін.
Осы нұсқауда берілмегенше кез-келген бөлшегін бөлшектемеңіз.
Бұл өнімді өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз, себебі бұлай жасау қауіпті.
Бұл өнімді тұтанғыш газ, жарылғыш газ және т.б. болуы мүмкін ортада
пайдаланбаңыз. Осы өнімнің ішіне немесе айналасына құрамында
жанғыш газ бар аэрозоль бүріккіштерін пайдаланбаңыз. Бұлай жасау
газдың тұтануына байланысты өрттің шығуына әкелуі мүмкін.
Кабельдерді осы нұсқаулықта аталғаннан өзге жолмен жалғамаңыз. Бұл
әрекет өртке әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, бұл басқа құрылғыларды
зақымдауы мүмкін.
Осы нұсқауда берілмегенше өнім ішіндегі кез-келген бөлшекке тимеңіз.
Бұлай істеу ток соғуға немесе күйіктерге әкелуі мүмкін.
!
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Бұл өнімді тұрақсыз орында немесе басқа құрылғының дірілі әсер ететін
орында орнатпаңыз немесе сақтамаңыз. Бұлай жасау осы өнімнің
құлауына немесе аударылуына себеп болып, жарақатқа әкелуі мүмкін.
Осы өнімнің үстіне тұрмаңыз немесе ауыр заттар қоюға жол бермеңіз.
Бұлай жасау осы өнімнің құлауына немесе бүлінуіне себеп болып,
жарақатқа әкелуі мүмкін.
Батареяларды салыңыз және кабельдер мен қосымша өнімдерді тиісті
процедураларға сай дұрыс жолмен орнатыңыз. Бұлай жасамау өртке
немесе жарақатқа әкелуі мүмкін. Оларды тиісті түрде салу/орнату үшін
осы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз.
Жылжыту алдында өнімнен барлық кабельдерді ажыратыңыз. Бұлай
жасамау кабелдерьдің зақымдалуына себеп болып, ток соғуға немесе
өртке әкелуі мүмкін.
Бұл өнімді ыстық орынға немесе ылғалдылық немесе шаң көп орынға
қоймаңыз. Бұлай істеу ток соғуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.
85

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido