! Кептіргіштен шығатын ауаны газ немесе басқа
отынды жағатын құрылғылардың түтінін шығаруға
пайдаланылатын түтікке жіберуге болмайды.
! Шығатын ауаны сорып алу жүйесіне немесе сорып
алу желдеткіші бар кез келген түтікке жіберуге
болмайды. Бұл температураны басқару құралдарының
жұмысына әсер етіп, өрт шығу қаупіне әкелуі мүмкін.
Электр қосылымдары
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын
төмендегі жағдайларды тексеріңіз:
• Қолыңыз құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
• Розетка жерге тұйықталған болуы тиіс.
• Розетка техникалық деректер
тақтасында көрсетілген құрылғының ең
көп қуат шығысына төтеп бере алуы
тиіс (Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
• Ток желісінің кернеуі техникалық
деректер тақтасында көрсетілген
мәндер ауқымында жатуы тиіс
(Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
• Розетка құрылғының айырымен үйлесімді
болуы тиіс. Олай болмаса, розетканы
немесе айырды ауыстыру керек.
! ҰЗАРТҚЫШ СЫМДАРДЫ
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
!Жабық жер болса да, кептіргішті сыртта
орнатпау қажет. Бұл құрылғыны жауын
мен найзағай астында қалдыру өте
қауіпті болуы мүмкін.
! Кептіргішті орнату аяқталғаннан кейін
ток сымы мен айыры қол жететін жерде
болуы керек.
! Ток сымын майыстыруға немесе оған
қысым түсіруге болмайды.
! Ауыстырылатын айыр балқытып
орнатылған түрлі болса, оны қауіпсіз
түрде тастау керек. Оны розеткаға қосуға
болатын жерде қалдырып КЕТПЕҢІЗ,
себебі ток соғу қаупі бар.{}
! Кабельді жүйелі түрде тексеріп отыру
қажет. Ток кабелі зақымдалған болса,
қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші, оның
қызмет көрсету бойынша өкілі немесе
сондай біліктілігі бар мамандар ауыстыруы
тиіс. (Көмек алу тарауын қараңыз). Өкілетті
сатушылар жаңа немесе одан да ұзын ток
сымдарын қосымша бағада жеткізеді.
! Осы нұсқаулар орындалмаса, өндіруші
барлық жауапкершіліктен бас тартады.
! Жоғарыдағы көрсетілімдер туралы
күмән бар болса, білікті электр маманға
хабарласыңыз.
Кептіргішті түзулеу
Дұрыс жұмыс істеуі үшін кептіргішті түзу орнату керек.
Кептіргішті тұрақты орнына орнатқаннан кейін оның
түзу тұрғанына көз жеткізіңіз; алдымен бүйірлерінің
түзулігін, одан кейін алды-арты түзулігін тексеріңіз.
Кептіргіш түзу тұрмаса, алдыңғы екі аяғын қажетінше
жоғары немесе төмен реттеген кезде, құрылғыны ұстап
тұру үшін ағаш діңгекпен тіреңіз.
Бастапқы ақпарат
Кептіргіш орнатылғаннан кейін, оны қолданбас бұрын
барабанының ішін тазалап, тасымалдау кезінде
жиналған кез келген кірді жойыңыз.
Сақтау және көлікпен тасымалдау
талаптары
• Орамаланған құрғату машинасы табиғи желдетілген
кезде үй-жайда
80 %-дан аса ауаның ылғалдығы кезінде
сақталуы тиіс.
• Егер құрғату машинасы ұзақ уақыттың ішінде
қолданылмаса және от жағылмайтын үй-жайда
сақталса, онда құрғату машинасынан барлық суды жою
қажет.
• Құрғату машинасын көлікпен тасымалдау тік тұрған
жағдайда бекітумен, кез келген жабық автокөлікте кез
келген зақымдалулардан, автомобильдің қозғалыс
немесе ішіне құлаудан аулақ болуымен жүргізіледі
• Көлікпен тасымалдау уақытында құрғату машинасын
соққыға ұшыратуға тыйым салынады.
KZ
63