Жонғыға Арналған Қауіпсіздік Нұсқаулары; Тағайындалу Бойынша Қолдану; Бейнеленген Құрамды Бөлшектер - Bosch GHO 12V-20 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GHO 12V-20 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
OBJ_BUCH-2967-001.book Page 124 Tuesday, June 6, 2017 10:34 AM
124 | Қaзақша
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Жонғыға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
 Электр құралын қоюдан алдын пышақты білік
тоқтауын күтіңіз. Бос айланып тұрған пышақты білік
бетке ілініп бақылау жоғалтуы мен ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Дайындаманы қысқышпен немесе басқа жолмен
тұрақты тіреуіште бекітіңіз. Егер дайындаманы тек
қолмен немесе денеге басып ұстасаңыз ол тұрақты
болмай бақылау жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
 Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
 Жонғымен жұмыс істегенде табандығының
дыйындамада толық жатуын қадағалаңыз. Кері
жағдайда жонғы қисайып, жарақаттарға алып келуі
мүмкін.
 Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен
жонғыны жүргізбеңіз. Пышақ пен пышақты білік
зақымданып қатты дірілдеуге алып келуі мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда
аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден
қорғалған болады.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
1 609 92A 24V | (6.6.17)
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы брус және тақта сияқты ағаш өнімдерін
жонғымен өңдеуге арналған. Ол сондай -ақ қырларды
жону және ою үшін де жарамды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Бұрау тетігі жоңқа тереңдігін реттеу үшін
2 Жоңқа тереңдігін максималдау пернесі (макс. 2 мм)
3 Қосқыш/өшіргішті блокадалау
4 Қосқыш/өшіргіш
5 Аккумулятор*
6 Аккумуляторды босату түймесі (2x)*
7 Қосалқы пышақ тартпасы
8 Жоңғы пышақты білік қорғауышы
9 Жонғы табандығы
10 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
11 Таспа қаптамасына арналған бұранда
12 Таспа қаптамасы
13 Жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр (таңдау
бойынша оңға/солға жылжытуға болады)
14 Қимылдайтын жоңғы табандығы
15 V-ойығы
16 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
17 HM/TC-жонғы пышағы
18 Алты қырлы дөңгелек кілт
19 Пышақ басы
20 Жонғы пышағын қысқыш элемент
21 Жонғы пышағын бекіту бұрандасы (2x)
22 Сорғыш шланг (Ø 35 мм)(Click & Clean)*
23 Шаң-/жоңқа қабы*
24 Сору адаптері (Click & Clean)*
25 Бұғаттау*
26 Басылатын түймеше
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido