Redmond RHB-2908-E Manual Del Usuario página 137

Ocultar thumbs Ver también para RHB-2908-E:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
7. Саптама-тәждің жалғастырғышы
8. Ұсатқыш пышағы
9. Өлшеу шкаласы бар ұсатқыш то-
стағаны
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық
жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және
бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар
алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Электр бауды толық жайыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Шешілмелі
бөлшектерді сабынды сумен жуыңыз, аспаптың барлық элементтерін электр
желіге қосар алдында мұқият кептіріңіз.
II. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
Блендермен жұмыс істеудің жалпы ережелері
• Азықты шашыратпау үшін ыдысты 2/3 көлемінен асырып толтырмаңыз.
• Азық-түлікті миксермен тиімді шайқау үшін ингридиенттер тәждің тым
болмаса төменгі бөлігін жабуы керек.
• Блендер немесе миксер пайдаланылғанда алдымен саптаманы азық салынған
ыдысқа салыңыз, одан кейін қосу немесе турборежим түймешігін басыңыз.
Саптаманы ыдыстан шығарар алдында түймешікті жіберіңіз.
• Жұмысты аз жылдамдықпен бастаңыз, қажет болғанда оны аспап
тұтқасындағы жылдамдық реттегішін бұрап көбейтіңіз. Реттегіштің қасына
шкала салынған: осы азық түрі үшін тиімді жылдамдықты анықтап, оның
мәнін есте сақтаңыз және болашақта пайдаланыңыз.
• Ең үлкен қарқындлықпен жұмыс істеу үшін (қатты азықты өңдегенде немесе
шайқаудың соңғы санатында) турборежим түймешігін басып, ұстаңыз.
Өңделетін азыққа саптама электр қозғалтқыш блогына қосылатын жерді
батырмаңыз.
• Етті тураудың алдында жібітіңіз, сүйегінен бөліп, сіңірін алып тастаңыз
және 1–1,5 см кесектерге тураңыз.
10. Ұсатқыш тостағанының қақпағы
11. Саптама бекіткіштерінің түйме-
шіктері
12. Өлшеу шкаласы бар араластыру
тостағаны
• Жеміс пен жидекті өңдегенде оларды кесіп, сүйектерін шығарыңыз.
• Картоп езбесін әзірлеу үшін блендерді пайдаланбаңыз.
• Ыстық азықты араластырудың алдында ыдысты плитадан алыңыз. Азықты
суытыңыз, азық немесе сұйықтықтың температурасы 80°C жоғары болса,
оларды араластырмаңыз. Өңдеуді ең аз жылдамдықтан бастаңыз.
Шашырандылардан сақтаныңыз, азықты өңдеуді аз жылдамдықта бастаңыз.
• Аспапты кофе, мұз, қант, жарма, бұршақ және басқа аса қатты азықты ұсату
үшін пайдаланбаңыз.
• Саптама-блендер мен саптама-тәжбен жұмыс істегенде ыдыс ретінде
ұсатқыш тостағанын пайдаланбаңыз. Тостаған түбіндегі металдық өзек
саптаманы зақымдауы мүмкін. Араластыру стақанын пайдаланыңыз.
Блендерді пайдалану
1. Ингредиенттерді араластыру стақанына немесе басқа ыдысқа салыңыз.
2. Саптама-блендерді электр қозғалтқыш блогына қосыңыз (бұл кезде сыртыл
естілуі керек).
3. Аспапты электр желіге қосыңыз. Жылдамдық реттегішін қажетті күйге
орнатыңыз. Реттегіш сағат тілімен бұралғанда жылдамдық өседі.
4. Азық өңделіп жатқан ыдысты бос қолмен ұстаңыз, ішіне блендер пышағын
батырыңыз, одан кейін қосу түймешігін басып ұстаңыз. Шикі көкөніс, жеміс
немесе басқа қатты ингредиенттерді өңдегенде жылдамдық реттегішін сағат
тілімен бұрап, жылдамдықты көбейтіңіз немесе «ТУРБО» режимін қосу
түймешігін басып ұстаңыз.
5. Өңдеу барысында блендерді ыдыстың ішінде жылжытып, азық-түлікті
араластырыңыз.
6. Жұмыс аяқталысымен аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Саптама
бекіткіштері түймешіктерін бірге басып, саптама-блендерді электр
қозғалтқыш блогынан ажыратыңыз.
Миксерді пайдалану
1. Ингредиенттерді араластыру стақанына немесе басқа ыдысқа салыңыз.
2. Саптама-тәжді жалғастырғыш тетікке сыртыл естілгенше салыңыз.
3. Жалғастырғыш тетікті электр қозғалтқыш блогына қосыңыз (бұл кезде
сыртыл естіледі).
4. Аспапты электр желісіне қосыңыз. Жылдамдық реттегішін сағат тіліне қарсы
тірелгенше бұраңыз (ең аз жылдамдық).
RHB-2908-E
KAZ
137

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido