Descargar Imprimir esta página

MSA V-GARD 930GVC Serie Instrucciones De Operación página 60

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
Дулығаны реттеу
Дұрыс қорғанысты қамтамасыз ету үшін дулығаны пайдаланушы басының өлшеміне 
қарай реттеу қажет. Fas-Trac III бауын пайдаланған кездегі өлшемдері: 52 см - 63 см. 
Реттегеннен кейін дулыға төңкерілмей немесе жылжымай дәл келуі тиіс.
1.  Д улығаның жоғары бөлігіне қарай амортизаторды басыңыз.
2.  Д улығаны басыңызға киіп, биіктігі ыңғайлы орныққанша төмен қарай басыңыз.
3.  Б ауларының бастың биіктігімен үйлесімді екеніне көз жеткізу үшін және 
жоғарыдан қараған (қарау бұрышының өзгерісі) кездегі қажетті деңгейді алу үшін, 
дулығаны кию биіктігін қажетінше 1-суретте көрсетілгендей аспалар арасына бау 
қысқыштарын қайта орналастыру арқылы реттеңіз.
4.  Д улыға басыңызда болған кезде түзетуші көзілдірік астынан киілген көзілдіріктің 
дұрыс тұрғанына көз жеткізу үшін, дулығаның көлденең қалпын дулығаның керме 
реттегішінің қысқыштарын дулығаның керме реттегіші бойымен сырғыту арқылы 
реттеңіз (2-суретті қараңыз).
5.  Т іреуіш механизм жолағын ашу үшін тұтқаны максималды өлшеміне дейін 
бұрыңыз. Тұтқаны бекітіп, келтіру үшін сағат тілі бағытымен бұрыңыз (3-сурет).
6.  Д улығаның күнқағарын алға қаратып кию керек.
Көзілдірікті реттеу
1.  О ны тартылатын ұштарынан екі қолыңызбен жоғары не төмен тарту арқылы 
орналастырыңыз (4-суретті қараңыз).
2.  К өзілдірікті ыңғайлы кию үшін бетке қарай еңкейтіңіз (5-суретті қараңыз).
3.  К өзілдірік резеңкелі тығыздама салынған күйде жеткізіледі. Көзілдірікті 
тығыздамасыз пайдаланғыңыз келсе, соққыға төзімділігі F/45 мс шамасына дейін 
төмендейді.
Күту
Қарап тексеру
Пайдаланудан бұрын және пайдаланғаннан кейін корпусының, көзілдіріктің, 
аспаның және төсеменің сынбағанын, шытынамағанын, сызат түспегенін, түсінің 
өзгерген не өзгермегенін, борға ұқсас сыртқы көрінісін немесе кез келген басқа да 
әдеттен тыс жағдайлар бойынша тексеріңіз.
Егер осы жағдайлардың қайсыбірі орын алған болса, дулығаны тез арада 
ауыстырыңыз, себебі бұл жағдайлар дулығаның соққыдан, енуден және/немесе 
электр тогының соғуынан қорғау қабілеттерінің жоғалғандығын көрсетеді.
Тазарту/Зарарсыздандыру
Тексеру оңай болуы үшін дулығаны киетін адам денесінің тітіркенуін болдырмау 
үшін дулығалар мен көзілдіріктерді жиі-жиі тазалап тұру керек. Суды немесе 
жұмсақ жуу құралы қосылған суды және жұмсақ матаны пайдаланыңыз. (Қатты 
жуу құралдарын, еріткіштер негізіндегі өнімдерді немесе қажағыш заттарды 
пайдаланбаңыз).
Сақтау/Тасымалдау
Дулыға корпусын не бауын абайсызда зақымдап алмау үшін оны өте берік 
қаптамада тасымалдау қажет. Күн астында, суықта, ылғал жерде, пайдаланылған 
газ, т.б. астында ұзақ уақыт қалып қоймас үшін, оны тиісті сақтауға арналған қапта 
және/немесе жабық шкафта сақтаңыз. Дулығаны MSA қорғаныс қабында (GA90039) 
сақтаңыз. Көзілдірікті дулыға ішінде сақтаңыз (пайдаланылмайтын қалыпта).
EN 50365 0 класына жататын дулығалар үшін: Өнімділікті қамтамасыз ету 
үшін, сәйкес контейнерде сығылмаған, пайдалануға дейінгі және қолданыстар 
арасындағы ұсынылатын сақтау температурасы жылу көзіне жақын емес жерде 20 
±15 °C болуы тиіс.
Қызметтік мерзімінің аяқталуы
Жергілікті ережелерге сай тастаңыз.
60

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

V-gard 930gvd serieV-gard 900V-gard 930