Bosch GWX 18V-8 Professional Manual Original página 214

Ocultar thumbs Ver también para GWX 18V-8 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 37
214 | Қазақ
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (5)
жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті (5)
қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
u
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғағыш қуаттандырудан кейін
электр құралының бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге
келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда
u
абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
қараңыз.
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
u
дайындаманы бекітіңіз.
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
u
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
u
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Электр құралды абразивті-кесу станинада
u
пайдаланбаңыз.
Егер электр құралы электростатикалы ретте зарядталса,
орнатылған электроника электр құралын өшіреді. Электр
құралын қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (5)
басыңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Сыдырып тегістеу
Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
u
пайдаланбаңыз.
30° - 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңбері
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңберімен (құрал) бірге дөңес
беттерді және профильдерді де өңдеуге болады. Желпуіш
тәрізді ажарлау шеңберлері әдеттегі ажарлау
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және ажарлау температурасы
азырақ болады.
Металды кесу
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
u
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (11).
1 609 92A 5WH | (06.10.2020)
Ажарлау шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Тасты кесу (A суретін қараңыз)
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
u
Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
u
үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кескіш дискілерді пайдаланған
жөн.
Бағыттауыштары бар қорғаныш қаптаманы (21)
пайдалану үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты
пайдалану керек. Bosch арнайы шаңсорғыштарды
ұсынады.
бетонды өңдеу кезінде алмас кескіш диск қызып кетуі
және зақымдалуы мүмкін. Алмас кескіш дискідегі ұшқын
осыны білдіреді.
Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас кескіш
дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа
уақыт салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқын алмас
кескіш диск өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны
абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Статика туралы нұсқаулар
Тірек қабырғалардағы ойықтарға DIN 1053
нормасының 1 тармағы немесе сәйкес елдегі ереже
қолданылады. Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау
керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі
маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.
Электр құралын әрқашан
айналу бағытына қарсы
жүргізу керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе
төрт қырлы құбырларды
кесу кезінде кесуді ең аз
көлденең қимада
бастаңыз.
Электр құралын өшіріңіз
және бағыттауыштардың
алдыңғы бөлігімен
бөлшекке орнатыңыз.
Электр құралын біркелкі,
материалға сәйкес
беріліспен жылжытыңыз.
Құрамында қиыршық тас
өте көп аса қатты
материалдарды, мысалы,
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido