Ескертулер
• Əрқашан пайдаланудан бұрын
құрылғының дұрыс жұмыс істейтіндігін
тексеріңіз. SONY КОРПОРАЦИЯСЫ
ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ АҚАУЫ
САЛДАРЫНАН ҚАЗІР НЕМЕСЕ
БОЛАШАҚТА ПАЙДАНЫҢ
АЛЫНБАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
КОМПЕНСАЦИЯ НЕМЕСЕ ТӨЛЕМДІ
ҚОСА, БІРАҚ ОЛАРМЕН
ШЕКТЕЛМЕЙ, КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ
ІШІНДЕ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТІҢ
МЕРЗІМІ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН
НЕМЕСЕ БАСҚА СЕБЕПТЕРГЕ
БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН
ШЫҒЫНДАР ҮШІН ЖАУАП
БЕРМЕЙДІ.
• SONY КОРПОРАЦИЯСЫ ОСЫ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ
ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ
ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ ЖАСАҒАН
КЕЗ КЕЛГЕН ШАҒЫМДАРЫ ҮШІН
ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
• SONY КОРПОРАЦИЯСЫ КЕЗ КЕЛГЕН
ЖАҒДАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ
БОЛУЫ МҮМКІН ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫҒА
ҚАТЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН
ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
НЕМЕСЕ ҮЗІЛІСІ ҮШІН ЖАУАП
БЕРМЕЙДІ.
Егер құрылғы салқын орыннан жылы
орынға ауыстырылса немесе орта
температурасы кенет көтерілсе,
құрылғының сыртқы қабатында жəне/
немесе ішінде ылғал пайда болуы
мүмкін. Бұл конденсация ретінде
белгілі. Конденсация пайда болса,
құрылғыны өшіріп, конденсация
тазаланғанша оны іске қоспаңыз.
Конденсация кезінде құрылғыны
пайдалансаңыз, оның зақымдалуы
мүмкін.
Айнымалы ток адаптері мен
электролиттік конденсаторды
пайдалану мерзімі қалыпты жұмыс
температурасы мен қалыпты пайдалану
кезінде (күніне 8 сағат; айына 25 күн)
шамамен 5 жыл. Пайдалану
жоғарыдағы қалыпты пайдалану
жиілігінен асқан жағдайда пайдалану
мерзімі тиісінше азаяды.
Техникалық талаптар
13
KZ