Crown CT38106 Manual Del Usuario página 20

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 10
Қосу жетегімен жабдықталған құралдар «Тақтай төсемелер мен баспалдақтарда пайдаланбауы тиіс»
деген шартты белгімен белгіленуі тиіс (5-суретті қараңыз). Сондай-ақ төмендегі жағдайларда
пайдаланбауы керек:
– тақтай төсемелер , сатылар мен баспалдақтар, баспалдақ
құрылыстарында, шатырда;
– жабылатын қораптар мен жəшіктер;
Тасымалдаудың тиісті қауіпсіздік жүйесі, мысалы көлік құралдары мен
вагондарда.
Түстер:
Ақ фондағы қызыл түс,
Бекітуге арналған жетек құралдары жəне саты қара түсті
4-сурет: «Тақтай төсемелер мен баспалдақтарда пайдаланбауы
тиіс» белгісі
III. Сығымдалған ауа жүйесі
ЕСКЕРТУ: Құралды жоғары қысымда ешқашан босатпаңыз
Бекітуге арналған жетек құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін сүзгіден өткен, құрғақ жəне майланған
сығымдалған ауаны жеткілікті мөлшерде пайдалану керек. Егер түтік жүйесіндегі ауа қысымы бекіткіш
құралдың максималды мəнінен асып кетсе, төменгі сақтандырғыш қысым клапанынан бұрын тұратын
қысым клапаны құрылғының қосылу жүйесіне қосымша жалғануы тиіс.
ЕСКЕРТУ:Сығымдалған ауа компрессорлар арқылы жасалса, ауадағы табиғи ылғал
конденсацияланып, қысымдағы ыдыстарда жəне түтіктерде конденсацияланған су ретінде
жиналады. Бұл конденсат су бөлгіштері арқылы жойылуы керек. Бұл су бөлгіштерін
күнделікті тексеріліп, қажет болған жағдайда суды ағызып тұру керек, себебі сығымдалған
ауаның сорғыш жүйесінде жəне бекіту құрылғысында тозуды жылдамдататын коррозия
пайда болуы мүмкін.
Компрессорлық қондырғы қысымның шығуы жəне өнімділікті (көлемді ағын) тұтыну тұрғысынан
алғанда, жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Сондай-ақ компрессорды шамадан тыс жүктеу қысымның
төмендеуіне əкеледі.
Тұрақты сығымдалған ауа түтіктерінің ішкі диаметрі кемінде 19 мм болуы тиіс, ал ұзын түтіктер
қолданылатындарында тиісінше үлкен диаметр болуы керек.
Сығымдалған ауа түтіктерін градиент (компрессорға бағытталған ең жоғарғы нүкте)
қалыптастыратындай етіп салу қажет. Оңай жететін су бөлгіштері алдымен ең төменгі нүктелерде
орнатылуы тиіс.
Пайдаланушыларға арналған қосылулар жоғарыдағы түтіктермен қосылуы керек,
Бекіткіш құралдары үшін қосу нүктелері сығымдалған ауаны тазарту құрылғысымен (сүзгі / су бөлгіш /
май сүзгісі) жабдықталуы керек.
Майлар күнделікті тексеріліп отыруы керек, ал қажет болған жағдайда ұсынылған маймен толтырылуы
тиіс (ТЕХНИКАЛЫҚ МƏЛІМЕТТЕР-ді қараңыз). Егер шлангтың ұзындығы 10 м-ден асса, бекіткіш
құралына арналған маймен жабдықталуына кепілдік берілмейді. Сондықтан ұсынылған майдың 2-ден
5-ке дейінгі тамшысы (ұсынылатын майлау құралының жүктелуіне байланысты) құрылғының ауа
тартқышы арқылы немесе май сүзігісі («ТЕХНИКАЛЫҚ МƏЛІМЕТТЕР» бөлімін қараңыз) арқылы
қосылады. (6-суретті қараңыз).
. 5
сурет
Kazak
37
6
сурет.
Жылдам
қосқыш
Құрал
Жылдам
жалғастырғыш
Ауа шлангісі
IV. Құралды қолдануға дайындау
1 Құралды бірінші рет жұмысқа дайындау
Құралды қолданар алдында осы пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз. Жабдықтың зақымдануына
жəне пайдаланушының немесе е жақын жерде жұмыс істейтін басқа адамдардың жарақаттануынан
қорғау үшін негізгі қауіпсіздік шараларын əрқашан қатаң сақтау керек.
2 Сығымдалған ауа жүйесіне қосылу
Сығымдалған ауа жүйесімен берілетін қысым бекітуге арналған құралдың ең жоғарғы рұқсат етілген
қысымынан аспайтындығына көз жеткізіңіз. Алдымен ауа қысымын рұқсат етілген қысымның төменгі
мəніне орнатыңыз («ТЕХНИКАЛЫҚ МƏЛІМЕТТЕР» бөлімін қараңыз).
Егер жөндеуден кейін немесе тасымалдаудан кейін бекіткіш құралының ішіндегі бөлшектер бос жатса,
бекіткіштердің шығып кетуін болдырмас үшін магазинді бостаңыз.
Бекітуге арналған жетек құралын жылдам əрекет ететін қосқыштармен жабдықталған қысым
шлангісінің көмегімен сығымдалған ауаны беру үшін қосыңыз.
Бекіткіш құралының тұмсығын ағаштың бөлігіне немесе ағаш материалға тақап, триггерді бір-екі рет
қосып, оның дұрыс жұмыс жасап тұрғандығын тексеріңіз.
3 Магазинді толтыру
Тек ТЕХНИКАЛЫҚ МƏЛІМЕТТЕРДЕ (1.1-ді қараңыз) көрсетілген бекіткіштер ғана пайдаланылуы тиіс.
Магазинді толтырған кезде құралды операторға немесе басқа адамға бағыттамаңыз.
4 Құрылғыны пайдалану
Екі арнайы нұсқаулыққа: анықтамалыққа жəне пайдалану нұсқаулығына назар аударыңыз.
Бекітуге арналған жетек құралының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріп, құралды жұмыс бөлігіне
өткізіп, триггерді іске қосыңыз.
Бекіткіштің жұмыс талаптарына сай жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
- егер бекіткіш сыртқа шығып тұрса, ауа қысымын 0,5 бар-ға ұлғайтыңыз, əрбір жаңа түзетуден кейін
нəтижені тексеріңіз;
- Егер бекіткіш шамадан тыс тереңдікке ауысса, нəтиже қанағаттандырылғанға дейін ауа қысымын
1-ден 0,5 бар-ға дейін төмендетіңіз.
Қандай жағдайда да ауаның ең төменгі қысымымен жұмыс істеуге тырысыңыз. Бұл сізге үш маңызды
артықшылық береді:
1. энергия үнемдейсіз;
2.тыныш режимде жұмыс істейсіз;
3. бекіткіш құралының тозуы төмендейді.
Магазин бос болса, бекіткіш құралын іске қоспаңыз.
Кез келген ақаулы немесе дұрыс жұмыс істемейтін бекіткіш құралы сығымдалған ауа берілісінен дереу
ажыратылып, тексеріс үшін арнайы маманға берілуі тиіс.
Жылдам
Май бүріккіш Сүзгі
қосқыш
Ілмекті
Жылдам
клапан
жалғастырғыш
Реттеуші
(0-8,5 бар)
Kazak
38
Ауа
компрессоры

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ct38107

Tabla de contenido