Philips LivingColors 69163 Serie Instrucciones De Uso página 71

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
1-реңк — жоғары қарай жарықтығы төмендетілген сарғылт
жарық, ал жан-жағына жарықтығы едәуір төмендетілген түссіз
жарық беріледі
2-реңк — жоғары қарай ашық жасыл жарық, ал жан-жағына
жарықтығы біраз төмендетілген түссіз жарық беріледі
3-реңк — жоғары қарай көк жарық, ал жан-жағына түссіз
жарық беріледі
5. Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз шамның
қашықтан басқару құралына қосымша шам қосу
Әсерлі жарық реңктерін жасау үшін, түрлі түсті және түссіз
шамның қашықтан басқару құралына басқа шамдарды қосуға
болады. Бірнеше мүмкіндік бар:
Бір қашықтан басқару құралына бірнеше Philips LivingColors
шамын қосуға болады. Philips LivingColors шамдарының
көбі осы құралмен жұмыс істейді. Ол үшін құралда «Gen2»
немесе байланыстырылатын LivingColors қашықтан басқару
құралының ішінде «SmartLink» белгісі болу керек. Осы
белгілердің кемінде біреуі бар өнімдерді Philips LivingColors
түрлі түсті және түссіз шамның қашықтан басқару құралына
қосуға болады.
Philips LivingColors шамын қашықтан басқару құралына
қосу үшін, құралды шамға жақындатып «I» түймесін басып
тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтап, жасыл түспен жанып,
дереу сөнеді. Қашықтан басқару құралы сигнал бергенше
«I» түймесін басып тұрыңыз. Байланыстырылған шам соңғы
параметрге өтеді (соңғы параметр «өшіру» болса, қосылып
тұрған кездегі соңғы параметрге өтеді).
LivingColors түрлі түсті және түссіз шамы үшін түссіз жарықты
да қосуды ұмытпаңыз.
LivingColors шамын қашықтан басқару құралынан ажырату
қажет болса, құралды шамға жақындатып, сигнал берілгенше
«0» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтап, сөнеді.
Бұған қоса, Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз
шамның қашықтан басқару құралына Philips LivingWhites
өнімдерін (шамдар, штепсельдік ұштар, қуат үнемдегіштер)
қосуға болады. Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз
шамның қашықтан басқару құралына Philips LivingWhites
шамын қосу үшін, қашықтан басқару құралын LivingWhites
өніміне жақындатып, «I» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3
рет жыпылықтайды. Қашықтан басқару құралы сигнал беріп,
шам 2 рет жыпылықтағанша «I» түймесін басып тұрыңыз.
Байланыстырылған шам соңғы параметрде өтеді.
LivingWhites жарығын қашықтан басқару құралынан ажырату
керек болса, құралды өнімге жақындатып, сигнал берілгенше
«0» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтап, сөнеді.
Шамдарды бірнеше қашықтан басқару құралымен басқаруға
болады. Қосымша LivingColors немесе LivingWhites қашықтан
басқару құралын қосу үшін, мына әрекеттердің біреуін
орындаңыз:
Қосылатын қашықтан басқару құралын бастапқы қалпына
келтіріңіз, яғни батарея бөлімінің қақпағын ашып, кішкентай
түймені бірнеше секунд басып тұрыңыз (мысалы, қағаз
қыстырғышпен). Батареялар салынған болуы тиіс. Бастапқы
қалпына келгенде қашықтан басқару құралы дыбыс
шығарады.
Бастапқы қалпына келтірілген қашықтан басқару құралын
қолданыстағы қашықтан басқару құралына жақын апарыңыз.
Біреуі дыбыс шығарғанша, қашықтан басқару құралының
«I» түймелерін басып тұрыңыз. Осыдан кейін шамдарды
жоғарыда айтылған жолдар бойынша қашықтан басқару
құралдарының екеуімен де жалғауға болады, ал шамдар
All manuals and user guides at all-guides.com
, қажет болғандай, қашықтан басқару құралдарымен
басқарылады.
6. Жиі қойылатын сұрақтар
Мына жағдайларда жасалатын әрекеттер:
LivingColors шамы жарық шығармай тұр
Ток сымының шамға қосылғанын тексеріңіз. Штепсельдік
ұштың қабырға розеткасына дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
Тоқ сымын ажыратып, қайта жалғаңыз. LivingColors шамы
түстері ауысып, шам сөнсе, қашықтан басқару құралы арқылы
қосыңыз.
LivingColors шамы қашықтан басқару құралымен
басқарылмайды
Қашықтан басқару құралының ішіндегі батареяларды
тексеріңіз. Батареялар дұрыс салынған (+ және -) және
зарядталған болуы керек. Басқару құралы әлі де жұмыс
істемесе, батареяларды ауыстырып көріңіз.
Қашықтан басқару құралын LivingColors шамына осы
нұсқаулықтың 5.1-бөлімінде түсіндірілген тәртіп бойынша
байланыстырыңыз.
Сирек жағдайларда, бұл сымсыз желінің шамадан
тыс жүктелуінен туындауы мүмкін (мысалы, сымсыз
маршрутизатор). LivingColors шамын маршрутизатордан аулақ
орналастырып көріңіз. Әйтпесе, мына әрекеттердің біреуін
орындаңыз:
осы басқару құралына байланыстырылған LivingColors
шамдарының барлығы қосылып тұрғанын тексеріңіз, әйтпесе
бұл әрекеттен кейін оларды құралмен басқару мүмкін
болмайды.
басқа арнаға ауысу үшін, «0» және түс қанықтығын арттыру
түймесін кемінде 5 секунд бірге басып тұрыңыз (LivingColors
шамдарының барлығы жасыл болып жыпылықтайды).
Бұл әрекетті 3 рет қайталауға болады. Әр түрлі жерлерден
орындаған дұрыс.
Қашықтан басқару құралын пайдаланған соң түймелер
жыпылықтайды
Бұл қашықтан басқару құралындағы батарея заряды
таусылғанын және оны ауыстыру керек екенін білдіреді.
Түсті автоматты түрде ауыстыру режимі қосылмады
Бұл қашықтан басқару құралы түс шеңберінің айналу әрекетін
анықтамағанынан болуы мүмкін. Қайта көріңіз, толық айналым
кезінде саусақты түс шеңберінен алмаңыз
LivingColors шамын таймермен байланыстыруға бола ма?
Иә. Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз шамды
таймермен пайдалануға болады (жинаққа кірмейді). Таймер
арқылы қосылған LivingColors шамы соңғы параметрде өтеді.
Соңғы параметр «өшіру» күйінде болмағанын тексеріңіз.
Менің сұрағым бұл тізімде жоқ
Көмек үшін Philips компаниясына хабарласыңыз («Қосымша
қолдау» атты 7-бөлімді қараңыз).
7. Қосымша қолдау
Қызмет:
Қосымша ақпарат керек болса, сондай-ақ қиындықтар орын
алса, Philips компаниясының веб-сайтына мына мекен жай
бойынша www.consumer.philips.com өтіңіз, әйтпесе, Philips
жарық өнімдерінің байланыс орталығына мына тегін телефон
арқылы хабарласыңыз: 00800-PHILIPSL немесе
00800-74454775
70

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido