Descargar Imprimir esta página

Hotpoint Ariston FH 62 /HA S Manual De Instrucciones página 73

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
Орнатылған мерзімді көру үшін УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
тұтқасын басып, жіберіңіз; тілдер мен белгішелер қалған
минуттерді көрсетеді.
Орнатылған уақыт соңында 1 минут бойы ЕСКЕ
САЛҒЫШ белгішесі жыпылықтап және дыбыстық сигнал
беріліп тұрады (оны өшіру үшін тұтқаны аздап басыңыз).
БАҒДАРЛАМАЛАР тұтқасын «0» позициясына бұраңыз.
! Параметрден бас тарту үшін УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
тұтқасын 3 секунд басып тұрыңыз: бағдарламалаудан
бас тартылып, ЕСКЕ САЛҒЫШ белгішесі өшеді.
Тағам дайындау режимдері
! Төмендегілерден басқа тағам дайындау режимдерінің
барлығына 60°C пен МАКС аралығында кез келген
температура мәні орнатылуы мүмкін
• БАРБЕКЮ (кеңес: тек МАКС деңгейін орнатыңыз)
• ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері қосылады.
Тағам дайындаудың осы дағдылы режимін пайдаланған
уақытта тек бір тағам дайындау тартпасын қолданған
дұрыс болады. Бірден көп тартпа қолданылғанда пеш
ішіндегі температура бірдей болмауы мүмкін.
MULTI-COOKING (КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ) режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және
айналмалы) және желдеткіш қосылады. Пештің қызуы
тұрақты болатындықтан ауа тағамды біркелкі қызартып
пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны пайдалануға
болады.
PIZZA (ПИЦЦА) режимі
Астыңғы және айналмалы қыздыру элементтері мен
желдеткіш қосылады. Бұл қосынды, әсіресе астыңғы
элементке байланысты, жоғары мөлшерде жылу
шығарып, пешті жылдам қыздырады. Бір уақытта бірден
көп тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
BARBECUE (БАРБЕКЮ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі (бар болса)
іске қосылады.
Грильдің жоғарғы және тіке температурасы қабаттың
жоғарғы температурасын қажет ететін тағамдар үшін
ұсынылады. Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі
әрдайым жабық тұруы қажет.
GRATIN (ГРАТИН) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі, сондай-ақ, желдеткіш және
гриль істігі (бар болса) іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештегі ауаның күшейтілген айналымы арқылы
қыздыру элементтерінің бір бағытқа жылылық бөлуінің
тиімділігін арттырады. Бұл тағамды күйіп кетуден сақтауға
көмектеседі және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда пештің
есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
BAKING (ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі мен желдеткіш іске қосылады
да, жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде
таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға
сезімтал болатын және көтерілуді қажет ететін торт
сияқты тағамдарды және ұннан жасалған бәліштерді
үш тартпада бірдей жасауға арналған.
Істікте қуыру* (тек белгілі модельдерде болады)
3.
немесе
режимдерін таңдау үшін SELECTOR
(РЕТТЕУ) тұтқасын пайдаланып гриль функциясын
қосыңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
тартпаларды бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Себебі, тым қатты тура бағытталған
қызу ыстыққа сезімтал тағамды күйдіріп жіберуі мүмкін.
! БАРБЕКЮ (BARBECUE) ЖӘНЕ ГРАТИН (GRATIN)
пісіру режимдерінде, әсіресе бұрылмалы істікті
пайдаланған кезде, тағамның қалдықтарын (май және
(немесе) тоң май) жинау үшін тұтқалы табаны 1-ші
позицияға қойыңыз.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
• 2-ші және 4-ші позицияларды пайдаланыңыз, көбірек
қызуды қажет ететін тағамдарды 2-шісіне қойыңыз.
• Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны үстіңгі
жаққа орнатыңыз.
БАРБЕКЮ
• Сөрені 2 немесе 4-позицияға қойыңыз. Тағамды
сөренің ортасына орналастырыңыз.
• Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату ұсынылады.
Үстіңгі қыздыру элементі термостат арқылы реттеледі
және тұрақты күйде жұмыс істемеуі мүмкін.
*
Тек белгілі бір модельдерде бар.
Істікте қуыру функциясын
іске қосу үшін (сызбаны
қ а р а ң ы з ) т ө м е н д е г і
әрекеттерді орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін үшінші
позицияға орналастырып,
і с т і к т і п е ш т і ң а р т қ ы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз.
73
KZ

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Fh 62 ix /ha sFhr 640 /ha sFhr 648 /ha s