Whirlpool AKR 037 G BL Manual De Uso Y Mantenimiento página 87

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл нұсқаулар келесі веб-сайттан да қолжетімді: www.whirlpool.eu.
ӨЗІҢІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ.
Бұл нұсқаулықта жəне құрылғыда жабдықталған маңызды қауіпсіздік нұқсауларын оқып, мұқият орындау қажет.
Бұл назар аудару қажет екенін білдіретін таңба, пайдаланушылардың өздері мен басқаларға төнетін потенциалды қауіп-қатер
туралы ескертеді.
Барлық қауіпсіздік ескертулерінің алдында қауіп белгісі мен келесі шарттар беріледі:
ҚАУІП:
ЕСКЕРТУ:
Қауіпсіздікке қатысты барлық ескертулер белгілі бір қауіп-қатерге қатысты болады жəне құралды қате қолдану нəтижесінде орын
алатын жарақат алу, зақым келтіру жəне ток соғу қауіптерін азайту жолдарын көрсетеді. Келесі нұсқауларды орындаңыз:
Орнату жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сай білікті
техник орындауы қажет. Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында
солай деп жазылмаса.
Орнату жұмыстарын орындағанда, құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет.
Құрылғыны жерге тұйықтау міндетті шара. (Техникалық сипаттамалар жапсырмасында
үшін қажет емес).
Қуат сымының ұзындығы құрылғыны розеткаға жалғау үшін жеткілікті болуы тиіс.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін кабельді тартуға болмайды.
Орнатылған құрылғының электрлік бөлшектері пайдаланушыға қол жетімсіз болуы тиіс.
Құрылғыны денеңіз су болса ұстамаңыз жəне жалаңаяқ болсаңыз, қоспаңыз.
Бұл құрылғыны жасы 8 төмен балаларға жəне физикалық, есту жəне ойлау қабілеті төмен адамдарға немесе тиісті білімі мен
тəжірибесі жоқ адамдарға жанында қадағалайтын адам болса жəне құрылғыны қауіпсіз қолдану жолдары үйретілсе жəне
қауіп-қатерден хабары болған жағдайда ғана қолдануға болады. Балаларға бұл құралмен ойнауға болмайды. Егер жанында
бақылайтын ересектер болмаса, тазалау жəне жөндеу жұмыстарын балаларға орындауға болмайды.
Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында солай деп жазылмаса.
Бүлінген бөлшектерін түпнұсқа қосалқы бөлшектермен ауыстыру қажет. Жөндеу жұмыстарын білікті техник маман орындауы
тиіс.
Балаларға бұл өніммен ойнауға болмайтынын түсіндіріп айту керек.
Қабырға немесе төбені бұрғылап тескенде электр сымдарын жəне/немесе түтіктерін бүлдіріп алмаңыз.
Желдеткіш арналары əрқашан сыртқа шығуы тиіс.
Шығатын ауа құрылғы тұтынатын газдың түтінін шығаратын мұржа арқылы желдетілмеуі тиіс, бөлек саңылауы болуы тиіс.
Түтін шығаруға қатысты барлық жергілікті ережелер орындалуы тиіс.
Сорғы газ жəне жанарғылардың өзге түрлерін қолданатын басқа құрылғылармен бірге қолданылса, бөлмедегі теріс қысымы 4
Па (4 x 10-5 бар) шамасынан аспауы тиіс. Осыған байланысты, бөлменің дұрыс желдетілуін қадағалаңыз.
Өндіруші қате қолданыс немесе басқару тетіктерін қате реттеу жағдайларына жауап бермейді.
Жүйелі тазалау жəне күтім жұмыстары құрылғының жұмысы дұрыс болуы жəне сапалы болуы үшін өте маңызды. Май
жиналып қалмас үшін, ластанған беткейлерді жиі тазалап отырыңыз. Сүзгілерді жиі тазалап, ауыстырып отырыңыз.
Құрылғы астында тамақты жалынмен (flambé) пісіруге болмайды. Жалынды қолдану өртке себеп болуы мүмкін.
Қуырғанда, табаларды бақылаусыз қалдыруға болмайды, май жалындауы мүмкін.
Сорғыны тазалау жəне сүзгілерді ауыстыру нұсқауларын орындамау өртке себеп болуы мүмкін.
Түтін соратын сорғыны май сүзгілерін орнатпай ашуға болмайды жəне əрқашан бақылауда болуы тиіс.
Газ құрылғыларын сорғы астында табамен бірге ғана қолдану қажет.
Үш газ жанарғысынан артық жанарғы қолданылғанда, сорғының тарту деңгейі 2 немесе одан жоғары болуы тиіс. Бұл
құрылғыда жылудың жиналып қалуынан қорғайды.
Шамды суығанша ұстауға болмайды.
Сорғының шамын дұрыс орнатпай қолдануға немесе бақылаусыз қалдыруға болмайды - ток соғу қаупі туындайды.
Орнату жəне күтім жұмыстары үшін жұмыс қолғаптарын киію қажет.
Бұл өнімді далада қолдануға болмайды.
Сорғы қосылып тұрғанда, сорғының қол жететін бөліктері ыстық болуы мүмкін.
БҰЛ КІТАПШАНЫ БОЛАШАҚТА ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.
қауіпті жағдай, алдын алмаса, ауыр жарақатқа себеп болады.
алдын алмаса қатты жарақатқа себеп болуы мүмкін қауіп-қатерді білдіреді.
KK85
белгісі бар II санатты сорғылар

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido