Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
Қорғаныш аспапты орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Ажарлауға арналған қорғайтын қаптама
Қорғайтын қаптаманы (6) шпиндель мойыншасына
орнатыңыз. Қорғайтын қаптаманың (6) күйін жұмыс
барысының талаптарына сай орнатыңыз. Қорғайтын
қаптаманы (6) бекіткіш бұранданы (7) құрама гайка
кілтімен (4) бұрап бекіту арқылы бекітіңіз.
Қорғағыш қаптаманы (6)оператордың жағына
u
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Нұсқау: қорғайтын қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
(6) тек электр құралына жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
u
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (13).
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама (13) сонымен бірге тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (6) ретінд де орнатылады.
Қосымша тұтқа
Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен
u
пайдаланыңыз (3).
Қосымша тұтқаны (3) редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қол қорғағышы
Резеңкелі ажарлау тәрелкесімен (16) немесе
u
тостаған тәрізді қылшық/дискілі қылшық/желпуіш
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын (15) кийіңіз.
Қол қорғағышын (15) қосымша тұтқа (3) көмегімен
бекітіңіз.
Bosch Power Tools
Ажарлауыш құралдарын орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (5) және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін
шпиндельді бекіту түймесін (1) басып, шпиндельді
бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
u
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау
диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты
кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр
құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын
қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).
Орнату реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін қысқыш
гайканы (10) бұрап орнатыңыз және оны құрама гайка
кілтімен қысыңыз, (қараңыз „ Тез қысқыш гайка
", Бет 170) бөлімін қараңыз.
Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
u
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы
қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге
үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
M 14 ажарлау шпинделіне арналған тірек
фланеці: тірек фланецінде (8) ортаға
келтіретін түйіннің айналасына пластик бөлік
(тығыздауыш сақина) енгізілген.
Тығыздауыш сақина жоқ немесе
зақымдалған болса, тірек фланецін (8) қайта
пайдаланбас бұрын міндетті түрде алмастыру керек.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар
u
үшін әрқашан қол қорғағышын(15) кийіңіз.
Резеңке тегістеу тәрелкесі
Резеңке тегістеу тәрелкесімен (16) жұмыстар үшін
u
әрқашан қол қорғағышын (15)киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Дөңгелек гайканы (18) орнатыңыз және құрама гайка
кілтімен (4) тартыңыз.
Тостаған тәрізді қылшық/дискілік қылшық
Тостсаған тәрізді қылшықпен жұмыстар үшін
u
әрқашан қол қорғағышын (15) киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Қазақ | 169
1 609 92A 3FT | (12.02.2021)