• Шаштарға күш пен көлем беруге, сондай-ақ шаш үлгісіне сән беруге осы керек-
жарақтарды пайдаланыңыз
• Әуе төсеушісін пайдаланыңыз
• Керек-жарақтарды қарапайым қылшақ ретінде пайдаланыңыз.
(2) түймесімен ауа ағынын және температураны төмендегі деңгейлерге орнатыңыз:
0=ӨШІРУЛІ
1= Орташа ауа ағыны және орташа температура
2= жоғары ауа ағыны және жоғары температура
Суық ауамен үрлеу түймесі (13)
Егер құралда осы функция болса, шаш үлгісін сақтау үшін осыны пайдаланыңыз.
• Егер қосулы құралда осы түймені бассаңыз және алға итерсеңіз, онда ыстық ауа
суып, шаш үлгісіне керемет сән береді
• Егер осы түймені бастапқы күйіне әкелсеңіз, онда құрал таңдалған режимге
сәйкес ыстық ауа ағынын құрады.
Ауа сәндегішін пайдаланбаған кезде құрылғыны розеткадан ажыратыңыз, сөйтіп құрғақ және шаң
жоқ орында сақтаңыз. Цилиндрдің (5) салқындауын күтіңіз.
Қуат сымын құрылғыға орамаңыз. Бүкпестен, бос етіп ораңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тазалау алдында құрылғыны өшіріңіз және
розеткадан ажыратыңыз! Құрылғыны қайта пайдалану алдында барлық
тазаланған бөліктер толығымен кепкенін тексеріңіз!
Құрылғыны және қосалқы құралдарды тазалау
Қажет болса, құрылғыны және қосалқы құралдарды дымқыл шүберекпен
тазалаңыз. Еріткіштерді, я болмаса басқа агрессивті немесе абразивті жуғыш
заттарды пайдаланбаңыз. Әйтпесе бет зақымдалуы мүмкін. Құрылғының кіріс
саңылауын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз және бүкіл шаш пен шаңды кетіріңіз.
Ескертпе: шаш кептіргіш пайдаланылатын жерде шаң неғұрлым көп болса, сүзгі
каналын соғұрлым көбірек тазалау керек.
14 наурыз 2014 жылғы № 49 «Электрлік және электрондық жабдықтар (ЭЭЖ)
қалдықтары туралы 20012/19/UE директивасын жүзеге асыру» бойынша Үкімет
қаулысының 26-мақаласына сәйкес жабдықта немесе оның бумасында көрсетілген
сызылып тасталған қоқыс себетінің суреті осы жабдықтың қызмет мерзімі соңында
басқа қалдықтардан бөлек жиналуы керектігін көрсетеді.
Сол себепті, тұтынушы қызмет мерзімі біткен жабдықты электрлік және электрондық
қалдықтарды сараланған жиналуы бойынша арнайы коммуналдық орталықтарға өткізуі керек.
Жеке жинауға балама ретінде ұқсас түрлі жаңа жабдықты сатып алу кезінде сауда
ұйымдарына қолданыстан шыққан жабдықты тапсыру рұқсат етіледі. Сонымен қатар,
электрондық аппаратураларды сататын және кемінде 400 шаршы м сауда ауданына ие
ұйымдарға міндетті сатып алусыз өлшемі 25 см-ден аспайтын жабдықты тегін тапсыруға
болады. Кейін қоршаған ортаға зиян келтірмейтін әдістермен өңдеуге және қайта қолдануға
жіберілетін, қолданыстан шыққан аппаратуралардың сараланған жиыны қоршаған орта
мен адам денсаулығына тигізетін зиянды әсері туралы ескертеді және осындай аппаратура
жасалған материалдарды қайта пайдалануға немесе қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК
Жөндеу және қосалқы бөлшектерді сатып алу жөніндегі сұрақтар бойынша Imetec
авторластырылған сервистік орталығына жүгінуіңізді сұраймыз. Төменде көрсетілген
тегін нөмір арқылы қоңырау шалу немесе біздің сайтқа кіру арқылы Сіз тегін кеңес ала
аласыз. Осы аспапқа өндірушінің кепілдігі таралады.
Қосымша ақпарат қосымша ретінде ұсынылған кепілдік талонында келтірілген. Осы
нұсқаулықта келтірілген осы бұйымды пайдалануға, тазартуға және сервистік қызмет
көрсетуге қатысты талаптарды орындамау өндірушінің кепілдігінен айырылып қалуға
әкеп соғуы мүмкін.
ПАЙДАЛАНУ
САҚТАУ
КҮТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
60