Bosch GBM 1600 RE Professional Manual Original página 103

Ocultar thumbs Ver también para GBM 1600 RE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (D суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (7) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау немесе араластыру үшін айналу
бағытын ауыстырып-қосқышты (7) тірелгенше солға
қарай басыңыз.
Солға айналу: босату немесе араластыру үшін айналу
бағытын ауыстырып-қосқышты (7) тірелгенше оңға қарай
басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (6) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (6) бекіту үшін бекіту түймесін
(5) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (6) жіберіңіз
немесе бекіту түймесімен (5) құлыптанған болса,
ажыратқышты (6) қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (6) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (6) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Bosch Power Tools
Бұрғылау бойынша жұмыс нұсқаулары
Суыту және майлау үшін бұрғылау эмульсиясын немесе
суытқыш майды пайдалану арқылы бұрғының қызып
кетуіне немесе қысылуына жол бермеңіз.
Бұрғы диаметрі > 10 мм болса, шағын бұрғы диаметрімен
алдын ала бұрғылаңыз. Осылайша басу қысымын
кішірейтіп, электр құралына азырақ жүктеме түсіресіз.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы
тиісті сапаға кепілдік береді.
Керек-жарақ ретінде берілетін білдек қысқышы
дайындаманы мықтап қысуға көмектеседі. Бұл
дайындаманың бұралуына және пайда болатын
жазатайым оқиғаларға жол бермейді.
Араластыру бойынша жұмыс нұсқаулары
Электр құралын станинада пайдаланбаңыз.
u
Материалдың шашырауын болдырмаңыз. Әйтпесе
u
тайғанап, электр құралын бақылау мүмкіндігінен
айырылуыңыз мүмкін.
Электр құралының төмен айналу жиілігімен ұзақ
u
жұмыс істеуіне жол бермеңіз. Әйтпесе электр
құралының қозғалтқышы қызып кетуі мүмкін.
Реттеу түймесін (5) босату үшін ажыратқышты (6)
қысқаша басып, содан кейін жіберіңіз. Осылайша электр
құралының абайсыз іске қосылуына (жарақат алу
қаупіне) жол берілмейді.
Араластырғыш қондырма қоспаға байланысты
таңдалады.
Жабысқақтығы төмен қоспаларға арналған, мысалы,
дисперсиялық бояулар, лак, желім, сүрткіш, цемент
шламы үшін сол жақ спиральді араластырғыш
қондырманы пайдаланыңыз. Сол жақ спиральді
араластырғыш қондырманың көмегімен материал үстінен
астына қарай беріледі. Араластырғыш қондырма жоғары
қарай итеріледі. Жабысқақтығы төмен қоспа
шашырандысыз араластырылады.
Сылақ, бетон, цемент, гипс, шпатлевка, эпоксидтік
шайыр сияқты жабысқақтығы жоғары қоспалар үшін оң
жақ спиральді араластырғыш қондырманы
пайдаланыңыз. Оң жақ спиральді араластырғыш
қондырманың көмегімен материал астынан жоғары
қарай беріледі. Араластырғыш қондырма қоспаға
кіргізіледі. Жабысқақтығы жоғары қоспа оңтайлы түрде
араластырылады.
Жұмыс кезінде электр құралын көтеріп түсіріңіз.
Пайдаланғаннан кейін араластырғыш қондырманы
тазалаңыз.
Электр құралын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Оның
u
аударылмайтынына көз жеткізіңіз. Әйтпесе электр
құралына зақым келуі мүмкін.
Қазақ | 103
1 609 92A 55H | (19.07.2019)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido