All manuals and user guides at all-guides.com
Кептіру циклын
орындау жолы
Кептіру бағдарламасын бастау
KZ
1. Кептіргішті розеткаға қосыңыз.
2. Кірлердің түріне қарай кептіру бағдарламасын таңдаңыз («Кірлер» тарауын қараңыз).
3. Есікті ашып, сүзгі таза әрі мықтап орнатылғанына көз жеткізіңіз.
4. Кірлерді құрылғыға салып, есік пен есік тығыздағышының арасында ешбір зат қалып қоймағанына көз жеткізіңіз. Есікті
жабыңыз.
5. Индикатор салынған мата түріне ең қолайлы кептіру уақытына орнатылғанша «Кептіру уақытын таңдау» тұтқасын
бұраңыз. Мата түрі мен салуға болатын кір салмағы арасындағы қатынасты көру үшін кестені қараңыз (Кептіру
параметрлерін қараңыз) және әрбір мата түріне қатысты нұсқауларды білетініңізге көз жеткізіңіз («Кірлер» тарауын
қараңыз). Тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта бұрауға әрекеттенбеңіз.
6. Қажет болса, ЖОҒАРЫ ҚЫЗУ түймесінің көмегімен температураны орнатыңыз.
7. Кептіру циклын бастау үшін БАСТАУ түймесін басыңыз.
Кептіру бағдарламасы орындалып жатқан кезде кірлерді тексеруге және кез келген кепкен киімдерді шығарып алуға
болады, ал қалған заттар әрі қарай кептіріле береді. Есікті жапқаннан кейін құрылғының жұмысын жалғастыру үшін
БАСТАУ түймесін басыңыз.
8. Соңғы САЛҚЫН АЙНАЛДЫРЫП КЕПТІРУ кезеңі (яғни, маталарды салқындату) кептіру бағдарламасының соңғы
бірнеше минутында іске қосылады; әрқашан бұл кезеңнің аяқталуын күтіңіз.
9. Есікті ашып, кірлерді шығарып алыңыз, одан кейін сүзгіні тазалап, оны орнына қойыңыз.
10. Кептіргішті розеткадан ағытыңыз.
77