Пайдалану Мысалдары; Ротациялық Лазер Индикаторларына Шолу - Bosch GRL 250 HV Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GRL 250 HV Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
u
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
Пайдалану мысалдары
Биіктік мәндерін көшіру/тексеру (F суретін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең күйде берік бетке қойыңыз
немесе штативке (32) (керек-жарақ) монтаждаңыз.
Штативпен жұмыс істеу: лазер сәулесін қажетті биіктікке
дейін туралаңыз. Мақсатты жердегі биіктік мәнін
көшіріңіз немесе тексеріңіз.
Штативсіз жұмыс істеу: лазер сәулесі мен анықтамалық
нүкте биіктігінің айырмашылығын лазер нысандық
тақтасының (41) көмегімен анықтаңыз. Мақсатты жердегі
өлшенген биіктік айырмашылығын көшіріңіз немесе
тексеріңіз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанын
параллель етіп туралау/тік бұрышты белгілеу (G
суретін қараңыз)
Тік бұрышты белгілеу немесе аралық қабырғаларды
туралау қажет болса, жоғары қаратылған перпендикуляр
табанын (9) параллель етіп, яғни негізгі сызықтан
(мысалы, қабырғадан) бірдей арақашықтықта туралаңыз.
Ол үшін өлшеу құралын тік күйге орнатып, оны жоғары
қаратылған перпендикуляр табаны негізгі сызыққа
параллель болатындай етіп орналастырыңыз.
Дәл орналастыру үшін жоғары қаратылған
перпендикуляр табаны мен негізгі сызық аралығын
тікелей өлшеу құралында лазер нысандық тақтасының
(41) көмегімен өлшеңіз. Жоғары қаратылған
перпендикуляр табаны мен негізгі сызық аралығын
өлшеу құралынан мүмкіндігінше алшақ тұрып өлшеңіз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанын негізгі
сызыққа дейінгі қашықтығы тікелей өлшеу құралында
өлшегендей болатындай етіп туралаңыз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанына (9) тік
бұрыш айнымалы лазер сәулесімен (6) көрсетіледі.
Перпендикуляр/тік жазықтықты көрсету (H суретін
қараңыз)
Перпендикуляр немесе тік жазықтықты көрсету үшін
өлшеу құралын тік күйде орнатыңыз. Тік жазықтық негізгі
Ротациялық лазер индикаторларына шолу
Өлшеу құралын қосу (1 с өзіндік сынақ)
Бастапқы немесе қосымша нивелирлеу
Bosch Power Tools
сызыққа (мысалы, қабырғаға) тік бұрышта өтуі қажет
болса, жоғары қаратылған перпендикуляр табанын (9)
осы негізгі сызықпен туралаңыз.
Перпендикуляр айнымалы сәулемен (6) көрсетіледі.
Перпендикуляр/тік жазықтықты туралау (I
суретін қараңыз)
Тік лазер сызығын немесе айналу жазықтығын
қабырғадағы анықтамалық нүктемен туралау үшін өлшеу
құралын тік күйде орнатып, лазер сызығын немесе
айналу жазықтығын анықтамалық нүктемен шамамен
туралаңыз. Анықтамалық нүктені дәлме-дәл туралау үшін
айналу жазықтығын тік ось бойынша бұраңыз (қараңыз
 Айналу жазықтығын тік күйде бұрау (B
суретін қараңыз)", Бет 180).
Лазер қабылдағышынсыз жұмыс істеу (J
суретін қараңыз)
Қолайлы жарықтық жағдайында (қараңғы қоршаған орта)
және қысқа қашықтықтарда лазер қабылдағышынсыз
жұмыс істеуге болады. Лазер сәулесінің жақсы көрінуі
үшін, сызықтық немесе нүктелі жұмыс режимін таңдап,
лазер сәулесін мақсатты жерге бұраңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу (K
суретін қараңыз)
Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршаған орта,
тікелей күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер
сәулесінің анықталуын жақсарту үшін лазер
қабылдағышын (30) пайдаланыңыз. Лазер
қабылдағышымен жұмыс істеген кезде ең жоғары айналу
жылдамдығымен ротациялық жұмыс режимін таңдаңыз.
Үлкен қашықтықтарда өлшеу (L суретін қараңыз)
Үлкен қашықтықтарда өлшеген кезде лазер сәулесін
анықтау үшін лазер қабылдағышын (30) пайдалану
қажет. Кедергі әсерлерін азайту үшін өлшеу құралын
әрдайым жұмыс бетінің ортасына қойып, штативке
орнату қажет.
Сыртқы аймақта жұмыс істеу (E суретін қараңыз)
Сыртқы аймақта әрдайым лазер қабылдағышын (30)
пайдалану қажет.
Тұрақты емес бетте жұмыс істеген кезде өлшеу құралын
штативке (32) монтаждаңыз. Жер қозғалыстарының
жағдайында немесе өлшеу құралы тербелген кезде,
өлшеу қателерінің алдын алу үшін іске қосылған соққы
туралы ескерту функциясымен жұмыс істеңіз.
Лазер
Лазер
сәулесі
сәулесінің
айналуы
Жасыл Қызыл Жасыл Қызыл Қызыл
2×/с
2×/с
Қазақ | 183
1 609 92A 7AR | (07.02.2022)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido