4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
физикалық қабілеті, дене
түйсігі арқылы сезіну
қабілеті немесе ақыл-ой
қабілеті шектеулі болса,
онда пайдаланушы,
жауапты тұлғаның
бақылауымен немесе
нұсқауларымен ғана
жұмыс істей алады.
– Пайдаланушы зарядтау
құрылғысының қауіптілігін анықтай
және бағалай алады.
– Пайдаланушы кәмелетке толған тұлға
болып табылады немесе
пайдаланушы мамандыққа ұлттық
ережелерге сәйкес бақылаумен
оқиды.
– Пайдаланушы қуаттағышты бірінші
рет пайдаланудың алдында STIHL
мамандандырылған дилеріне немесе
құзыретті тұлғаға барып, білім алды.
– Пайдаланушы алкоголь, дәрі-дәрмек
немесе есірткі әсерінде емес.
► Кез келген күмән туындаған жағдайда:
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
4.4
Жұмыс кеңістігі және
қоршаған орта
Сақтандыру
■ Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар
зарядтау құрылғысы мен электр тогының
қауіптілігін түсінбеуі және оған мән бермеуі
мүмкін. Бөтен адамдар, балалар және
жануарлар ауыр жарақат алуы немесе өлуі
мүмкін.
► Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар
алшақ жерде болуы тиіс.
► Қуаттағыш балалардан
алыс болғанына көз жеткізу
керек.
■ Қуаттағыш су өткізбейді. Жауын-шашын
кезінде немесе ылғал ортада жұмыс жасау
электр тогына соғылуға әкеліп соғуы
мүмкін. Пайдаланушы айтарлықтай жарақат
алуы мүмкін және қуаттағыштың
зақымдалуы мүмкін.
0458-967-9921-B
► Жаңбырлы күні және ылғалды
ортада жұмыс істемеңіз.
■ Қуаттағыш қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер қуаттағыш қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне
ұшырайтын болса, қуаттағыш тұтануы
немесе жарылуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Қуаттағышты жабық әрі құрғақ
орынжайда қолданыңыз.
► Қуаттағышты жеңіл тұтанатын және
жарылу қаупі бар орталарда қолданбау
керек.
► Қуаттағышты жеңіл тұтанатын бетте
пайдаланбаңыз.
► Қуаттағышты белгіленген температура
шектерінен тыс пайдаланбаңыз немесе
сақтамаңыз,
■ Адамдар біріктіруші сымға сүрініп кетуі
мүмкін. Адамдар жарақат алуы, ал
қуаттағыш – бұзылуы мүмкін.
► Байланыстырушы сымды еденге тегіс
күйде қойыңыз.
4.5
Қауіпсіз күй
Егер келесі шарттар сақталса, қуаттағыш
қауіпсіз күйде болады:
– Қуаттағыш жарамды.
– Қуаттағыш құрғақ және таза.
Сақтандыру
■ Қауіпсіз емес күйде толықтырушы
бөлшектер дұрыс жұмыс істемеуі және
қауіпсіздік қондырғысының күші әрекет
етпеуі мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
► Жарамды қуаттаағышын қолданыңыз.
► Егер қуаттағыш кір немесе ылғалды
болса: Қуаттағышты тазартыңыз және
кептіріңіз.
► Қуаттағышты өзгертпеңіз.
► Заттарды қуаттағыштың тесіктеріне
тықпаңыз.
► Қуаттағыштың электрлік түйіспелерін
металл заттармен қоспаңыз және
тұйықтамаңыз.
► Қуаттағышты ашпаңыз.
► Тозған немесе бұзылған көрсеткіш
тақтайшаларды ауыстырыңыз.
► Кез келген күмән туындаған жағдайда:
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
12.3.
қазақ
143