Суыту/Майлау Құралдары; Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch GST 18V-125 B Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GST 18V-125 B Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
164 | Қазақ
Қолмен басқарылатын жұқа араларға әдетте "қашу"
қасиеті тән, яғни белгілі бір жағдайларда бұрыш пен кесік
дәлдігі қамтамасыз етілмейді. Дәлдікке шешуші әсер
ететін факторларға ара төсемінің қалыңдығы, кесік
ұзындығы және дайындаманың материал тығыздығы мен
қалыңдығы жатады.
Сондықтан таңдалған жүйенің кесу нәтижесі қызметтік
талаптарыңызға сәйкес келетіндігін тексеру үшін
әрдайым сынақ кесіктер жасаңыз.
Батырма аралар (I суретін қараңыз)
Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты
u
жұмсақ материалдарды өңдеуге болады!
Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Жұқа ара 0° еңіс бұрышымен мүмкін болады.
Электр құралын тіреуіш тақтаның (12) алдыңғы шетімен
дайындамаға ара дискісін (17) дайындамаға тигізбей
қойыңыз да қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр
құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр
құралын қатты дайындамаға басып ара полотносын
ақырын дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы (12) толық бетімен дайындамада жатқанда
қажетті аралау сызығымен аралаңыз.
Айналатын кескіші бар параллель тірек (керек-жарақ)
Параллельді тіреуіш айналатын кескішпен (26) (керек-
жарақ) жұмыс істеу үшін дайындаманың қалыңдығы
максималдық 30 мм болуы тиіс.
Параллельді кесіктер (J суретін қараңыз): Құлақты
бұранданы (25) босатып параллельді тірек шкаласын
тіреу тақтасының (24) бағыттауышында жылжытыңыз.
Кесік енін шкала мәні ретінде тіреу тақтасының ішкі
қырына реттеңіз. Орнату бұрандасын (25) бекітіңіз.
Диск кесіктері (K суретін қараңыз): аралайтын диск кесік
сызығында аралау полотносы үшін жетерлік тесік
бұрғылаңыз. Ара полотносы кесік сызығына дәр тұруы
үшін тесікті фреза немесе егеумен өңдеңіз.
Орнату бұрандасын (25) бағыттайтын планканың басқа
жағына орнатыңыз. Бағыттайтын планканың шкаласын
тіреу тақтасының бағыттауышына (24) жылжытыңыз.
Дайындаманың араланатын кесігінің ортасында тесік
бұрғылаңыз. Ортаға дәлдеу ұшын (27) бағыттайтын
планканың ішкі тесігінен бұрғыланған тесікке салыңыз.
Радиусты шкала мәні ретінде тіреу тақтасының ішкі
қырына салыңыз. Орнату бұрандасын (25) бекітіңіз.
Суыту/майлау құралдары
Металды аралауда қызып кетуі себебінен кесік
сызығында суыту немесе майлау құралын сүру керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
1 609 92A 7VS | (05.07.2022)
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Ара полотносының бекіткішін жүйелі түрде тазалаңыз. Ол
үшін ара полотносын электр құралынан алып электр
құралын тегіс жерге жай қағыңыз.
Электр құралының қатты ластануы жұмыс ақаулықтарына
алып келуі мүмкін. Сол үшін қатты шаң жасалатын
материалдарды төменнен баспен араламаңыз.
Егер шаң түсу бітеліп қалса, электр құарлын өшіріп
шаңсоруды шешіп шаң және жоңқаларды алып қойыңыз.
Бағыттауыш дөңгелекті (16) кейде бір тамшы маймен
майлаңыз.
Бағыттауыш роликті (16) жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
Тозған бөлшекті Bosch қызмет көрсету орталығында
алмастыру қажет.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gst 18v-125 b

Tabla de contenido