Жарылудан Сақтайтын Пластина (D Суретін Қараңыз); Шаңды Және Жоңқаларды Сору; Пайдалану Түрлері - Bosch GST 18V-125 B Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GST 18V-125 B Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
162 | Қазақ
Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз.
u
Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Ара дискісін алып тастау (B суретін қараңыз)
SDS иінтірегін (3) алға қарай тірелгенше басып, ара
дискісін (17) алып тастаңыз.
Жылжыма (C суретін қараңыз)
Сезімтал беттерді өңдеуде жылжыманы (13) тіреу
тақтасына (12) орнатып беттің қырылуының алдын
алыңыз.
Жылжыманы (13) орнатуда оны тіреу тақтасында (12)
асып арқасында басып тіретіңіз.
Жарылудан сақтайтын пластина (D суретін
қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина (18) (керек-жарақтар)
ағаш аралауда беттің жарылып кетуінен сақтауы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластинаны тек арнайы аралау
дискі түрлерінде және 0° кесік бұрышында пайдалану
тиіс. Тіреу тақтасын (12) жарылудан сақтайтын
пластинамен аралауда қырға жақын аралауда артқа
жылжыту мүмкін емес.
Жарылудан сақтайтын пластинаны (18) алдыңғы жақтан
тіреу тақтасына (12) кіргізіңіз.
Жылжыманы (13) пайдалану кезінде жарылудан
сақтайтын пластина (18) тіреу тақтасына (12) емес,
жылжымаға салынады.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (E суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (19) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (19) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (1)
кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
1 609 92A 7VS | (05.07.2022)
Қаптаманы (19) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік
кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға
қарай жанасудан қорғаныстан (1) тартып алыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (F–G суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (20) тіреу тақтасының (12)
ойығына орнатыңыз.
Шаңсорғыш шлангын (21) (керек-жарақ) жоңқаларды
аспирациялық келте құбырға (20) қосыңыз. Сорғыш
шлангын (21) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (18) орнатыңыз.
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (15) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0 деңгейі
тербеліс жоқ
I деңгей
кіші тербеліс
II деңгей
орташа тербеліс
III деңгей
үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе
әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет
болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз
немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде
максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (H суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (12) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін
оңға қырылуы мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gst 18v-125 b

Tabla de contenido