Bosch AdvancedGlue 18V Manual Original página 109

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 21
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Желімдеу пистолеті, мысалы, қағаз, картон, пробка,
ағаш, былғары, мата, көбік, пластмасса (ПЭ, ПП, ПТФЭ
және жұмсақ ПВХ-дан басқа), керамика, шыны, металл,
әйнек және тасты ерітіндісіз желімдеуге арналған.
Арнайы желімдер (low melt) пайдаланылғанда және
өңдеу температурасы 130°C болғанда, мысалы, Styropor
сияқты ыстыққа сезімтал материалдарды желімдеуге
болады.
Желімдеу пистолеті жабыстыруға, жөндеуге, бейімдеуге
және модельдеуге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Суреттегі компоненттердің нөмірлері желімдеу
пистолетінің графикалық беттегі суретіне негізделген.
(1)
Шүмек
(2)
Ыстықтан қорғаныс тетігі
a)
(3)
Желімдеу қаламы
(4)
Желімдеу қаламының бөлімі
(5)
Аккумуляторды босату түймесі
a)
(6)
Аккумулятор
(7)
Температураны таңдау түймесі 200°C
(8)
Қосу/өшіру түймесі
(9)
Температураны таңдау түймесі 130°C
(10)
Беріліс түймесі
a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар
стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды.
Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар
бағдарламасынан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Аккумулятордық
желімдеу пистолеті
Өнім нөмірі
Номиналды кернеу
В=
A)
Қыздыру уақыты шам.
мин
Желімдеу температурасы
(таңдау бойынша)
Макс. желімдеу қуаты
г/мин
Желімдеу қаламы
– Диаметрі
мм
– Ұзындығы
мм
Аккумуляторды әр
зарядтағандағы жұмыс
A)
ұзақтығы
ең көбі
Салмағы EPTA-Procedure
B)
01:2014 құжатына сай
Bosch Power Tools
®
a)
AdvancedGlue 18V
3 603 B64 8..
18
2
°C
130
°C
200
20
11
45–200
10 желімдеу қаламы
кг
0,68–0,99
Аккумулятордық
желімдеу пистолеті
Рұқсат етілген қоршаған
орта температурасы
– зарядтау кезінде
– жұмыс кезінде және
сақтау кезінде
Ұсынылатын
аккумуляторлар
Ұсынылатын зарядтағыш
C)
құрылғылар
A) Аккумулятормен 20–25 °C температурасында PBA 18V
2.5Ah W-. және 200 °C температурасында өлшенген.
B) пайдаланған аккумуляторға байланысты
C) Мына зарядтағыш құрылғылар PBA аккумуляторымен
үйлесімді емес: AL 1814 CV, AL 1820 CV, AL 1860 CV
Аккумулятор (жеткізілім
жиынтығында жоқ)
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде келтірілген
u
зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек
мұндай зарядтағыш құрылғылар желімдеу
пистолетінде пайдаланылатын литий-иондық
аккумулятормен үйлесімді.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық
тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған
күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын
пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық
зарядтаңыз.
Аккумуляторды енгізу
Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне
тірелгенше енгізіңіз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы желімдеу
пистолетінің қосылған күйінде әлі қолжетімді заряд
деңгейін көрсетеді.
Егер қыздырғаннан кейін (7) немесе (9) температураны
таңдау түймесі қызыл түспен жыпылықтаса, бұл
аккумулятор заряды 30% шамасынан кем және оны
зарядтау қажет екендігін білдіреді.
Егер (7) немесе (9) температураны таңдау түймесі қызыл
түспен жанып тұрса, бұл аккумулятор зарядының толық
таусылғанын және оны зарядтау қажет екендігін
білдіреді.
Қазақ | 109
AdvancedGlue 18V
°C
0 ... +35
°C
+5 ... +40
PBA 18V...W-.
AL 18...
1 609 92A 85W | (08.08.2022)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido