Тағайындалу Бойынша Қолдану - Bosch Fontus 18V Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para Fontus 18V:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 19
100 | Қазақ
Fontus саптамасын пайдаланыңыз (Bosch
компаниясының жиынтықтаушысы: F 016 800 595).
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану бойынша
нұсқаулар
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Акумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ
уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан,
судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу
қауібі бар.
Аккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда
u
немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу
шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза
ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
u
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Аккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз.
u
Жарылу қауібі бар.
Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
u
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Құралды тек қана оның бұйым қорабында болған
u
қуаттандыру құралымен қуаттандырыңыз.
Тасымалдау мен сақтау
Құралды өшіріп, оның суырмалы тұтқасы тасымалдау
u
алдында бұғатталып қойылғанын тексеріп алыңыз.
Құралды көтеру және тасымалдау
барысында, әсіресе су шаны толы болған
жағдайда, абай болыңыз. Суырмалы
тұтқасының қауіпсіз түрде бұғытталып
қойылғанын тексеріңіз. Құралды көтере алу үшін оның
суырмалы тұтқасы мен алдыңғы тұтқасын қолданыңыз.
Құралды көтеру барысында арқаңыздың лайықты,
денсаулыққа зиян келдірмейтін түрде ұсталуына назар
аударыңыз. Тізелеріңізді бүгіп, арқаңызды тік ұстаңыз.
Құралды құлама немесе сатылар үстінен абайлай
u
отырып жылжытыңыз. Құрал салмағы, ол сумен
толтырылған болған жағдайда ауыр болады.
Құралды сақтауға қою алдында алдымен құрал
u
шанысынан және сорғы жүйесінен суды төгіп алыңыз.
Құрал тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшыраған
u
жағдайда оның түсі өзгеріп кетуі мүмкін.
Құрал күтімі
Бүкіл тазалау және техникалық қызмет көрсету
u
жұмыстары және қосалқы бөлшектерін ауыстыру
алдынан электрбұйымды өшіріп алыңыз. Электрбұйым
F 016 L94 184 | (19.05.2022)
желі кернеуі арқылы жұмыс істесе, кабель ашасын
шығарып алыңыз.
Жөндеу жұмыстары тек қана техникалық қызмет
u
көрсету үшін арнайы рұқсаты бар Bosch техникалық
қызмет орталықтары арқылы өткізілуі тиіс.
Қосымша және қосалқы бөлшектері
Тек қана шығарушы тарапынан рұқсат етілген
u
қосымша және қосалқы бөлшектерін қолдануға
болады. Шығарушының түпнұсқалық қосымша және
қосалқы бөлшектерін қолдануы электрбұйымның
қатесіз немесе ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз
етеді.
Белгілер
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну
үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте
сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі
одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады.
Белгі
Мағына
Қозғалыс бағыты
Реакция бағыты
Іске қосу
Өшіру
Қосымша бөлшектер/Қосалқы
бөлшектер
Тағайындалу бойынша қолдану
Құрал тұрмыстық жұмыстар үшін мақсатталған, мысалы,
ішкі резервуар ішінен немесе құбыр су жүйесіне
жалғастырғыштан, көлікті, аспаптарды, терезелерді,
қайықтарды, велосипедтерді,иттерді (төмен қысымдағы
режимде), сыртқы жерлерде қолданылатын
ойыншықтарды, жылыжайларды, бақ жиһаздарын және
т.б. тазалау үшін.
Әр өткізілетін тазалау жұмысы үшін қысым модусы мен
бүрку түрі лайықы түрде орнатылуы тиіс.
Бейнеленген компоненттер (A
және D суреттерін қараңыз)
Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі
құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде
беріледі.
(1) Шүмектің басы
(2) Шаппа
(3) Құбыршекті біріктіру үшін пистолет
(4) Құбыршек
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido