Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Монтаждау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Қорғаныш аспапты орнату
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Нұсқау: электр құралын ажарлау мақсатында
пайдаланбас бұрын монтаждалған кесуге арналған
қаптаманы (13) бөлшектеңіз (B суретін қараңыз).
Қорғаныш қаптаманы (11),
оның кодтау
жұдырықшалары электр
құралындағы бекіткішпен
бір деңгейде болғанша,
бекіткішке
орналастырыңыз. Бұл ретте
құлыптан босату иінтірегін
(1) басып тұрыңыз.
Шпиндель мойнындағы
қорғаныш қаптаманы (11),
қорғаныш қаптманың
белдемесі электр
құралының фланеціне
қондырылғанша итеріңіз
және қорғаныш қаптаманы, ол шерту дыбысымен анық
тірелгенше бұраңыз.
Қорғаныш қаптаманың (11) күйін жұмыс барысының
талаптарына сай бейімдеңіз. Ол үшін құлыптан босату
иінтірегін (1) жоғары итеріп, қорғаныш қаптаманы (11)
қажетті күйге бұраңыз.
Қорғаныш қаптаманы (11) әрдайым, құлыптан
u
босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы
қорғаныш қаптаманың (11) тиісті ойықтарына
кіретіндей, реттеңіз.
Bosch Power Tools
Қорғағыш қаптаманы (11)оператордың жағына
u
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Қорғағыш қаптама(11) бұғаттаудан шығару
u
иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек!
Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес
және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғаныш қаптамадағы (11) кодтау
жұдырықшалары тек электр құралына жарамды
қорғаныш қаптаманың монтаждалуын қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Кесу үшін әрдайым мыналарды пайдаланыңыз:
u
кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (12) немесе
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (11)
кесуге арналған қаптамамен (13).
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Кесуге арналған қорғаныш қаптама (12) ажарлауға
арналған қорғаныш қаптама (11) сияқты монтаждалады.
Пластиктен жасалған кесуге арналған қаптама
Пластиктен жасалған кесуге арналған жабынды (13)
ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (11) орнатыңыз
(A суретін қараңыз). Жабын (13) қорғаныш
қаптамада (11) шерту дыбысымен және көрінетіндей
тіреледі.
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) қорғаныш
қаптамадағы (11) (➊) жабынды (13) сол немесе оң жаққа
босатып, жабынды тартып шығарыңыз (➋).
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары бар кесуге арналған қорғаныш
қаптама (29) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамамен
бірдей орнатылады.
Қосымша тұтқаны (9)/(10) сорғыш қаптамадағы
қапсырма арқылы редуктор корпусына бекіту арқылы
электр құралы сорғыш қаптамамен берік
байланыстырылады. Бағыттауыштары бар сорғыш
қаптамаға (29) арнайы Bosch шаңсорғышын жалғауға
болады. Ол үшін сорғыш шлангіні сору адаптерімен
сорғыш қаптаманың арнайы бекіткіш саңылауына
енгізіңіз.
Нұсқау: сору кезінде сорғыш шлангідегі және керек-
жарақтағы шаңнан пайда болған үйкеліс
электрстатикалық зарядты тудырады, пайдаланушы бұл
зарядты статикалық разряд ретінде сезуі мүмкін
(қоршған ортаға және өзінің физиологиялық қалпына
байланысты). Bosch компаниясы жалпы бойынша ұсақ
шаңды және құрғақ материалдарды сору үшін
антистатикалық сорғыш шлангіні (керек-жарақ)
пайдалануға кеңес береді.
Қол қорғағышы
Резеңке ажарлау тәрелкесімен (24) немесе
u
тостаған тәрізді қылшақпен (27) жұмыс істеу үшін
әрдайым қол қорғанысын монтаждаңыз (23).
Қазақ | 249
1 609 92A 7GR | (13.07.2022)