МАҢЫЗДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
39. Өрт қаупі! Тоңазытқыш агент ағып кетсе, құрылғыны
розеткадан ажыратып, жақын жердегі тұтану көздерінің
барлығын алып тастаңыз. Одан кейін бөлмені желдетіп,
жеткізушіңізге хабарласыңыз. Тоңазытқыш агенттің көзге
тиюінен сақ болыңыз, себебі ол көзді ауыр жарақаттауы
мүмкін. Тоңазытқыш агентке қатысты мәліметтерді ақпарат
тақтайшасынан оқи аласыз.
40. Өрт шыққан жағдайда құрылғыны розеткадан суырып, қуат
көзінен ажыратыңыз.
Ескерту! Құрылғы қуат көзіне қосулы кезде оған су төгіліп
кетпеуі керек. Ток соғу қаупі бар!
41. Механикалық құралдар, жылу көздерін (шамдар немесе
қыздырғыштар) қолданып немесе басқа да жолдармен
тезірек ерітуге тырыспаңыз. Көтерілген бу қысқа тұйықталуға
себеп болуы мүмкін, ал тым жоғары температура құрылғының
синтетикалық жабынын зақымдауы мүмкін.
42. Ішкі бөлімнің суық беттерін немесе тоңазытылған өнімдерді
ұзақ ұстайтын болсаңыз, теріңізді қорғаңыз, мысалы, қолғап
киіңіз.
43. Құрылғыға еш жағдайда жылы немесе ыстық тамақты бірден
салмаңыз.
44. Тамақты иістерден қорғап, балғын күйінде сақтау үшін,
бетін жауып салыңыз. Тамақтан уланып қалмас үшін,
тым ұзақ сақталған тамақты жемеңіз.
45. Ескерту: Өрт шығу қаупі бар / материалдар тез тұтанғыш.
46. Ескерту - құрылғы корпусындағы немесе кірістіруге арналған
құрылымдағы желдету саңылауларының ешбірін бітемеңіз.
47. Ескерту - механикалық құрылғылар пайдаланып не басқа да
жолдармен тезірек ерітуге тырыспаңыз, тек өндіруші ұсынған
әдістерді қолданыңыз.
48. Ескерту - тоңазытқыш агент тізбегіне зақым келтірмеңіз.
49. Ескерту - құрылғының тамақ сақтайтын бөлімдерінің ішінде
өндіруші ұсынған электраспаптан басқасын қолданбаңыз.
50. Сөренің максимал жүктемесі – 40 кг.
51. Бұл құрылғы максимал температурасы 40,6°C және
ылғалдылық деңгейі 75% RH климаттық жағдайларда
пайдалануға арналған.
52. ЕСКЕРТУ: Тұтану қаупін азайту үшін бұл құрылғыны тек
арнайы білікті маман орнатуы тиіс.
ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫ
Бұл құрылғыны сатылатын тамақ пен сусындар салқындатуға және сақтауға ғана пайдаланыңыз..
178
KZ