Descargar Imprimir esta página

Huawei DBY-B19 Guia De Inicio Rapido página 31

Publicidad

Қысқаша нұсқаулық
Көрініс
1
2
Негізгі дисплей аймағы
1
Электрод
2
Батарея қақпағы
3
Зауыттық параметрлерді қайта орнату түймесі
4
Батареяларды орнату (автоматты түрде іске қосу)
Таразы артындағы батарея қақпағын ашып, батареяларды орнатып, батарея қақпағын жабыңыз.
Батареяларды дұрыс орнату бағытын ескеріңіз.
Құрылғыңызды реттеу
«Huawei Health» қолданбасын пайдаланып құрылғыны телефонмен жұптастырыңыз. QR кодын сканерлеңіз немесе «Huawei Health»
қолданбасын жүктеп алу үшін AppGallery ішінен немесе consumer.huawei.com сайтында «Huawei Health» деп іздеңіз. «Huawei Health»
қолданбасында құрылғыңызды қосып, жұптастыруды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Анықтама алу
Байланыс және функциялар туралы қосымша ақпарат әрі пайдалану туралы кеңестер алу үшін Huawei Health қолданбасында онлайн
анықтаманы қараңыз.
Авторлық құқық © Huawei Device Co., Ltd. 2022. Барлық құқықтары қорғалған.
БҰЛ ҚҰЖАТ ТЕК АҚПАРАТТЫҚ МАҚСАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІК ТҮРІНЕ ЖАТПАЙДЫ.
Сауда белгілері және рұқсаттар
Bluetooth
®
сөз белгісі мен логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. меншігіндегі тіркелген сауда белгілері және осы белгілер Huawei Technologies Co.,
Ltd. компаниясының лицензиясы бойынша пайдаланылады. Huawei Device Co., Ltd. — Huawei Technologies Co., Ltd. филиалы.
Басқа сауда белгілері, өнім, қызмет және компания атаулары тиісті иелерінің меншігі болып табылады.
Құпиялық саясаты
Жеке ақпаратыңызды қалай қорғайтынымызды жақсырақ түсіну үшін https://consumer.huawei.com/privacy-policy бөліміндегі құпиялық саясатын
көріңіз.
Пайдалану және қауіпсіздік
Мақұлданбаған немесе үйлесімді емес қуат адаптерін, зарядтағышты немесе батареяны пайдалану өртке, жарылысқа немесе басқа
қауіптерге себеп болуы мүмкін.
Қолайлы температуралар: пайдалану үшін 5-40°C, сақтау үшін -25-70°C.
Құрылғыны және батареяны қатты ыстық көзінен және тікелей күн сәулесінен алыс сақтаңыз. Оларды микротолқынды пештер, пештер
немесе радиаторлар сияқты жылыту құрылғыларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Оны бөлшектеуге, өзгертуге, лақтыруға немесе қысуға
болмайды. Оған бөгде заттарды салуға, оны сұйықтықтарға батыруға не оған сыртқы күш немесе қысым салуға болмайды, себебі бұл оның
ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына себеп болуы мүмкін.
Құрылғы жұмысы медициналық құрылғы жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін дәрігерге және құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз.
Бұл өнім медициналық құрылғы болуға арналмаған және аурурды анықтауға, емдеуге, жеңілдетуге немесе алдын алуға арналмаған.
Барлық деректер мен өлшемдерді тек жеке анықтама ретінде пайдалану керек.
Өнім күнделікті пайдалануға үйлесімді, әсіресе салмағы, дене пішіні, денедегі майы және бұлшықет массасы туралы көбірек білуді
қалайтын адамдарға арналған. Ол қамтамасыз еткен деректер тек жеке анықтама беруге арналған және медициналық емге немесе
медициналық диагностика негізі ретінде қолдануға арналмаған әрі емханаларда немесе ауруханалар сияқты басқа медициналық
мекемелерде пайдаланылмауы керек.
Бұл құрылғыны 8 және одан үлкен жастағы балалар пайдалана алады. 8 жастан кіші балалар және физикалық, сезу немесе ойлау
қабілеттері шектеулі не болмаса осы құрылғыға қатысты тәжірибесі мен білімі аз адамдар бұл құрылғыны орын алуы мүмкін қауіптерді
толық түсінуге негізделген нұсқаулыққа сәйкес пайдалануы керек.
Балалар құрылғымен ойнамауы, құрылғыны тазаламауы немесе құрылғыны жөндеуге әрекеттенбеуі керек.
Тазалау және пайдаланушының қызмет көрсету жұмысын балалар бақылаусыз орындамауы керек.
Балалар осы өнімді пайдаланса немесе оған тисе, ересектің бақылауы ұсынылады.
Ауруханаларда, емханаларда немесе денсаулық сақтау мекемелерінде солай істеу сұралғанда, сымсыз құрылғыны өшіріңіз. Бұл сұраулар
сезгіш медициналық жабдықпен ықтимал кедергіні болдырмау үшін арналған.
Кейбір сымсыз құрылғылар есту құралдарының немесе кардиостимулятордың өнімділігіне әсер етуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін
қызмет жеткізушіге хабарласыңыз.
3
4
29

Publicidad

loading