Descargar Imprimir esta página

STERWINS 135C EPW.4 Manual De Instrucciones página 115

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 19
1. ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫ
Құрылғы ғимараттардың қабырғаларын, алдыңғы жағын, террасаларды, жаяу
жолдарды, бақша жабдықтарын, машиналарды, көліктерді, құралдарды және т.б.
қысымды үстіңгі су шүмегінің көмегімен тазалауға арналған. Қажет болса, қосылған
тұрмыстық тазалағыш заттармен бірге құрылғыны пайдалануға болады.
Құрылғы өндірістік емес, тек тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған.
Құрылғыны осы нұсқауларда келтірілген мәліметтерге сәйкес пайдалану керек.
Құрылғының мақсатты пайдалануынан ерекшеленетін және осы нұсқауларда
қамтылмаған кез келген пайдалану рұқсат етілмеген пайдалану болып саналады және
өндірушіні өзінің заңды жауапкершілігінен босатады.
Назар аударыңыз! Құрылғыны 0°C-тан төмен температурада пайдалануға болмайды.
2. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ
• Құрылғыны балалардың пайдалануына болмайды. Балалардың
құрылғымен ойнамауына көз жеткізу үшін оларды қадағалап
отыру қажет.
• Дене, сезім мен ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе пайдалану
бойынша тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар осы
құрылғыны ересектердің бақылауында болған жағдайда және
құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану жөнінде нұсқаулар алып,
ықтимал қауіптерді түсінетін жағдайда пайдалана алады.
• Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны
өндіруші, қызмет көрсету агенті немесе сәйкес біліктілігі бар
адамдар ауыстыруы керек.
KZ
• Электр қуатын беру қосылымын білікті лектрик жүзеге асырып,
IEC 60364-1 стандартына сәйкес болуы керек. Бұл құрылғының
қуат көзі жерлендіру тогы 30 мкс ішінде 30 мА-дан асып кетсе,
қуат берілісін үзетін дифференциалды ток құрылғысынан немесе
жерлендірілген тізбекті қамтамасыз ететін құрылғыдан тұрғаны
жөн.
• ЕСКЕРТУ: Бұл құрылғыны өндіруші жеткізген немесе ұсынған
тазалағыш затпен тазалау қажет. Басқа тазалағыш заттарды немесе
химиялық заттарды пайдалану құрылғының қауіпсіздігіне кері
әсер етуі мүмкін.
115

Publicidad

loading